Әкімжан Назаров
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Назаров Әкімжан (1891 – 1976) – облыс аумағында ұжымшар құрылысын ұйымдастырушы, Республикалық дәрежедегі зейнеткер. Еңбек жолын 1906 ж жалдамалы жұмысшы болып бастаған. 1919 ж партизан отрядын құрған. 1921 – 23 ж ауылдық кеңестің төрағасы, 1923 ж ауыл шаруашылық артелін ұйымдастырушы, 1961 жылға дейін артелдің, кейіннен «Красный флаг» ұжымшарының төрағасы болған. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында Назаровтың басшылығымен ұжымшар тұрғындары танк колоннасын құруға қаражат жинау жөнінде бастама көтерген. Назаров жеке өзі 116 мың сом ақша қосқаны үшін Сталиннің алғысын алған. 1962 ж зейнеткерлік демалыста жүріп жайылымдарда жылқы өсіретін телімдер ұйымдастырды. Өсірілген жылқы малының саны үш жылдың ішінде үш есеге өсіп, мемлекетке өткізілді. Қызыл Жұлдыз, Ленин ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Дереккөздер</span>
«Ақмола облысы» энциклопедиясы
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әкімжан Назаров|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}