Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:30, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Кинематограф Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетов (Үлгі:Туғанкүні, Ресей Федерациясы, Волгоград облысы Палласовка ауданы Савинка селосы — Үлгі:Қайтысболғанкүні) — қазақстандық және бұрынғы советодағының театр, кино және опера режиссері, педагог,қоғам қайраткері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Қазақстанның Халық қаһарманы және ең жоғары «Отан ордені»нің иегері. Астана қаласының Құрметті азаматы (2000 жылы).

Өмірбаяны

1952 жылы Алматы хореография училищесін,

  • 1957 жылы Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік театр өнері институтының (қазіргі Мемлекеттік театр өнері академиясы) режиссерлік факултетін (проф. Н.И. Горчаков пен А.А. Гончаровтың мектебі бойынша) бітірді.
  • 1957 — 1995 жылдары Қазақтың мемлекеттік академия, драма театрында режиссер, директор, Мосфильм киностудиясында стажер-режисер, Қазақфильм студиясының көркемдік жағын басқарушы, бас режисер қызметтерін атқарған.
  • 1970 жылдан педагогикалық қызметпен шұғылданады,
  • 1979 жылдан Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтының (қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясы) профессоры;
  • 1981 жылдан Қазақ театр қоғамының (қазіргі Қазақстан театр қайраткерлері одағының) төрағасы, 1996 жылдан президенті.
  • 1999 жылдан Ақмола облысы қазақ музыкалы драма театрының (Астана қаласында) көркемдік жағын басқарады.

Өнер жолы

Мәмбетов өзінің режиссерлік өнер жолын 1957 жылы Қазақтың мемлекеттік академия драма театрында Ш.Хұсайыновтың “Ертіс жағасында” пьесасын қоюмен бастады.

Комедия жанрындағы қойылымдары

  • Қ.Мұхамеджановтың “Бөлтірік бөрік астында” (1959, осы спектакльде өзі Арыстанның рөлін орындады),
  • М.Әуезовтің “Айман-Шолпан” (1960),
  • Қ.Байсейітов пен К.Шаңғытбаевтың “Беу қыздар-ай” (1960),“Құдағи келіпті” (1961),
  • Лопе де Веганың “Қызғаныштан махаббат” (1962),
  • М.Фриштің “Дон Жуанның думаны” (1968),
  • “Ой жігіттер-ай” (1970),
  • Ф.Эрвенің “Түлкі бикеш” (1984)

Басқа да қойылымдар

  • Ш.Айтматов пен Қ.Мұхамеджановтың “Көктөбедегі кездесуін” (1975),
  • Ә.Әбішевтің “Мансап пен ұжданын” (1974),
  • Т.Ахтановтың “Анты” (1977) мен “Жоғалған досын” (1985),
  • Айтматовтың “Ақ кемесі” (1984, инсценировкасын өзі жасаған) мен “Боранды бекетін” (“ұасырдан да ұзақ күн” деген атпен, 1990) сахнаға шығарды.

Трагедия жанрындағы қойылымдары

  • Әуезов пен Л.С. Соболевтің “Абай” (1962),
  • Айтматовтың “Ана — Жер-ана” (1964, Қазақстан Мемл. сыйл., 1966),
  • Ғ.Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” (1971) сияқты трагедиялары Мәмбетов трактовкасы бойынша оптимистік рухта шешім тапты.
  • Әуезовтің “Қара қыпшақ Қобыландысы” (1967) мен “Қарагөзін” (1981),
  • Ә.Нұрпейісовтің “Қан мен тер” (1973, инсценировкасын өзі жасаған; КСРО Мемл. сыйл., 1974),
  • А.П. Чеховтың “Ваня ағайын” (“Сүйікті менің ағатайым” деген атпен, 1982; сондай-ақ 1996 ж. Орыстың мемл. академ. драма театрында),
  • У.Шекспирдің “Кориоланын” (1992),
  • Софоклдың “Эдип патшасын” (1993) қойып, батыл, ізденімпаз суреткер екенін танытты.

Либреттолары

  • 1958 ж. Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. Мәмбетов муз. шығармаларды сахналау жұмысымен де айналысты.
  • А.Жұбанов пен Л.Хамидидің “Төлеген Тоқтаров” (1963),
  • Ғ.Жұбанованың “Еңлік-Кебек” операсын (1975) қоюмен бірге “Ақ құс туралы аңыз” (1966) және “Қарагөз” (1991) балеттерінің либреттосын да жазды.

Фильмдері

Қоғамдық қызметі

Марапаттары

  • 1961 "Қазақ КСРның еңбек сіңірген өнер қайраткері"
  • 1965 "Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы" (Ш.Айтматовтың "Ана жер ана" спектельі үшін)
  • 1970 Қазақстанның халық әртісі (Қазақ КСР халық артисі)
  • 1972 "Қарақалпақстанның халық артисі"
  • 1974 КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. (Ә.Нұрпейісовтың "Қан мен тер" спектакльі үшін)
  • «Еңбек Қызыл Ту ордені»
  • «Халықтар достығы ордені»
  • 2000 жылы президент жарлығымен қазақ театр өнеріне сіңірген зор еңбектері үшін ҚР Ең жоғарғы марапаты алтын жұлдызды Халық қаһарманы атағы және ең жоғары «Отан ордені» берілді.
  • 2000 жылы Астана қаласының Құрметті азаматы атағы берілді.
  • Бірнеше медальдар мен "Құрмет" грамоталарымен марапатталған.

Жеке өмірі

Әзірбайжан Мәдиұлының жұбайы: әйгілі композитор, КСРО және Қазақстанның халық артисі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, педогог-профессор Ғазиза Ахметқызы Жұбанова (1927-1993). Бес баласы бар.

Әзірбайжан Мәдиұлының қарындасы: танымал театр актрисасы, Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі Аққағаз Мәдиқызы Мәмбетова.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер