Әділ Құрманжанұлы Ахметов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:44, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Мағына Үлгі:Infobox writer

Әділ Құрманжанұлы Ахметов (23.5.1941 жылы туған, Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылы) – филология ғылыми доктор (1995), профессор (1997).

Өмірбаяны

Алматы шет тілдері институтының (қазіргі Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті) ағылшын тілі факультетін бітірген (1963) соң осы институтта оқытушы, аға оқытушы, декан, проректор,<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жылы, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref> ректор (1963–97) қызметтерін атқарды. «Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер (салыстырмалы этно-лингвистикалық зерделеу)» деген тақырыпта доктор диссертация қорғады. Әділ ұйымдастырушылық қызметімен танылып, кейін әр түрлі мемлекеттік қызметтерде (1997–2000) болды. 2001 жылы Қазақстан-Британия техника университінің ректоры. 2007 жылдан ҚР Парламенті Сенатының депутаты.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Қазақ, орысжәне ағылшын тілдерін біледі.

«Нұр Отан» ХДП мүшесі (2001 жылдан).

1963 жылдан - Алматы шет тілдері педагогикалық институтында оқытушы, аға оқытушы, деканның орынбасары, декан, оқу ісі жөніндегі проректоры. 1990 жылдан -Алматы қалалық атқару комитетінің сыртқы байланыстар бөлімінің жетекші маманы, Алматы қаласындағы Тусон қаласындағы өкілі (Аризона штаты, АҚШ), 1992 жылдан -Алматы шет тілдері педагогикалық институтының ректоры (1993 жылдық маусым айынан - Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетінің). 1997 жылдан - ҚР Білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау министерлігінің Білім беру комитетінің төрағасы. 1999 жылдың ақпан айынан - Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік әлем тілдері және халықаралық қатынастар университетінің ректоры. 1999 жылдың қазан айынан - ҚР сыртқы істер бірінші вице-министрі. 2000 жылдан - ҚР-ның Бірлескен Ұлыбритания Корольдігі мен Солтүстік Ирландиядағы тетенше және өкілетті елшісі, 2001 жылдың наурыз айынан - ҚР-ның Ирландия Республикасындағы, Норвегия Корольдігі мен Швеция Корольдігіндегі бірлескен төтенше және өкілетті елшісі. 2001 жылдың желтоқсан айынан - Қазақ-Британ техникалық университетінің бірінші ректоры, халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры. 2007 жылдың тамыз айынан бері - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы.

2009 жылдың маусым айынан - ЕҚЫҰ сол кездегі төрағасының мұсылмандарға қатысты төзбеушілік және кемсітуге қарсы күрес жөніндегі өкілі.

ОДБК қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының екілі (Санкт-Петербург қаласы, РФ); ҚР сайлау заңнамасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу женіндегі жұмыс тобының мүшесі; «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «Управление человеческими ресурсами» («Адам ресурстарын басқару») журналы редакциялық кеңесінің мүшесі; Еуропа жоғары оқу орындары бірлестігі атқару кеңесінің мүшесі (Брюссель қаласы, Бельгия); ҚР БҒМ Білім беру қызметін лицензиялау женіндегі комиссияның мүшесі.

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2003).

«Құрмет» орденімен (2009); «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен; «Педагогикалық қызмет саласына сіңірген еңбегі үшін» Ы. Алтынсарин атындағы төс белгімен (2007) марапатталған.

Әскери атағы - запастағы ӘӘК аға лейтенанты.

Діни кезқарасы - мұсылман.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан әлемдегі дамыған демократиялық мемлекеттердің біріне айналады».

Хоббиі -ғылым, кітап оқу, шахмат, домбыра.

Сүйіп оқитын әдебиеті - майя өркениетін зерттеу.

Үйленген. Жұбайы - Қазыбек Дариға Князьбекқызы. ¥лдары - Ахметов Нұрлан Әділұлы, Ахметов Нұржан Әділұлы; қызы - Ахметова Қарлығаш Әділқызы.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Шығармалары:

Табу и эвфемизмы в казахском языке. АКД., А., 1973;

Түркі тілдеріндегі табу мен эфемизмдер (салыстырмалы лингвистикалық зерделеу). ДДА., А., 1995;

Түркі тілдеріндегі табу мен эфемизмдер. Моног., А., 1995;

Казахский язык для русскоязычных и иностранных студентов. А., 1996 (авт. бірі);

Англо-казахский словарь. А., 1974 (құраст. бірі).

Шығармашылығы

Әділ Ахметов екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында өмірге келіп, балалық шағы ауыр кезеңге тап келсе де қоғамдық санада, әдебиетте, өнерде, ғылымда, спортта жаңа серпін, тың көзқарас, өзіндік өрнек, сілкініс әкелген, ұлттық рухты қайта жаңғыртуға талпыныс жасаған буынның өкілі. Бұл кез – Кеңестер Одағын Н. С. Хрущев басқарған «жылымық» кезең еді. 1937 жылы «халық жауы» ретінде кінә тағылып, артынан атылып кеткен С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров т.б. тәрізді қоғам, әдебиет, мәдениет, ғылым қайраткерлерінің алғашқы тобы ақталып, тарихи шындықтың аз бөлігі болса да өз қалпына келуге мүмкіндік туған жылдар болатын.

Бұл кезеңде білім алуға деген құштарлық ерекше қарқын алды, қазақ жастары мамандықтың қайсысына болса да қызығушылық танытып, талпына бастады. Міне, сондай жастардың бірі Әділ Ахметов еді. Оның қияндағы қазақ аулынан келіп шетел тілдері институтына түсіп білім алуы, ел қатарлы ғана білім алып қоймай, үздік оқып өз қатарының алды болуы ерекше бағалауға тұрарлық талпыныс. Өйткені сол кездің көзқарасымен қарағанда, шетел тілдері институтына түсіп оқитындар қалада туып өскен, көбінесе орыс мектебін бітірген, жоғары дәрежелі қызмет істейтін әке-шешесі барлар ғана болып көрінетін. Олар ел, халық игілігі үшін қаншалықты іс тындырғанын қайдам, шетел тілін білудімөз жеке бастары үшін барынша пайдаланғаны анық. Ал қазақ ғылымы үшін, қазақ халқының рухани өмірі үшін Ахметовтың орны оқшау тұрғанына атқарған қызметтерімен қоса ғылыми еңбектері мен аудармашылық өнері айқын айғақ бола алады.

Қаймағы бұзылмаған қазақы ауылда туған, ұлттық менталитет, ұлттық рух жойылмаған, қазақы салт-дәстүр, әдет-ғұрып күні кешеге дейін сүттей ұйыған аймақта ержетіп, өнегесін мол сіңіріп өскен азаматтың өзге тілді білу арқылы өз халқының ой өрісінің кеңеюіне септігін тигізуі игілікті іс атқарудың бір үлгісі. Профессор Ахметовтың бүгінгі биікке көтерілген өмір белестеріндегі сан тарау соқпақтардың алғашқы бастау көзі осы ана тілінің кәусар бұлағынан қанып ішіп, айдынына шомылып өсуіне қоса тума қабілетінің нәтижесінде ағылышын мен орыс тілін еркін меңгере білуінде жатыр. Ана тілін шын сүйіспеншілікпен білмесе қазақ тілі де құрамына кіретін түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер туралы, ағылшын, орыс т.б. тілдерін еркін меңгермесе Америкалық үндістердің алтайлық тегі жөнінде ғылыми зерттеу жұмысын өз дәрежесінде жүргізе алуы екіталай еді. Әділ Ахметовтың тағылымы – мағыналы ғалым.

Тілдік материалдар рқылы халық тарихының тылсымына бойлауға, тарихи тамырластықты негіздеуге талпыну – ғалым еңбектеріндегі басты бағыт. Осы орайда Ахметов зерттеулерін негізінен этнолингвистикалық тұрғыда қарастырады. Ғалымның «Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер» деп аталатын еңбегі автордың ғана емес, қазақ лингвистика ғылымының ірі жетістігі. Әлемдік тіл ғылымында ең алғаш айтылған ой-пікірлерден бастап, дүниежүзі көрнекті ғалымдардың этнолигвистикаға қатысты теориялық ойларына сабақтастыра отырып түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмді салыстырма әдс арқылы пайымдап, мағыналық, мәндік тұрғыдан тамырластық сипатын ашып береді.

Тыйым сөздер мен эвфемизмдердің этнолигвистикалық жүйесі мен олардың этномәдени негіздерін қарастыру барысында табу, машия, эвфемизмнің түрлері, олардың дәстүрлі наным-сенімдерге байланысты қалыптасуы деген мәселелер ғылыми жүйеленеді. Тыйым сөздер мен эвфемизмдердің мифологиялық деңгейдегі көріністері, түркі тілдеріндегі ауру атауларымен байланысты қалыптасқан табу мен эвфемизмдер, тотемдік нанымдар мен аңшылық кәсіптің негізінде қалыптасқан түркі халықтарына тән тыйым сөздер мен эвфемизмдер сараланып, этнолингвистикалық пайымдау арқылы негізделеді. Дәстүрлі моральдік-этикалық қатынастар саласында қалыптасқан табу мен эвфемизмдерге классификация жасау арқылы өлімге байланысты, анатомия мен физиологиялық процестерге қатысты табу мен эвфемизмдердің астарына мән беріліп, саяси эвфемизмдер сарапқа салынады. Эвфемизмдердің жасалу жолдарына назар аударыла отырып, олардың троптардан айырмашылықтары мен ұқсастықтарына тоқталады. Эвфемистік метафора, метонимия, синекдоха, символ, ирония, парафраза, т.б. мәселелер нақты мысалдар, таризи деректер арқылы түсіндіріледі. Тыйым сөздер мен эвфемизмдердің сөз мағынасын және тілдің сөздік құрамын байытудағы қызметі, эвфемизмнің қазіргі тіл мәдениетіне қатысы деген мәселе де жан-жақты талданады.

Ғалымның соңғы жиырма жылдай үздіксіз ізденіп, тер төге еткен еңбегінің нәтижесіндей болған «Америкалық үндістердің алтайлық тегі» атты зерттеуін бұрынғы ойларының жалғасы, ғылыми бағытының шеңберін кеңейте түскен үлгісі деуге болады. Бүгіндері басқа құрлықта өмір сұріп жатқан бір халықтың тілдік тұрғыдан да, этникалық тұрғыдан да түркі халықтарымен тарихи тамырластығы туралы болжам жасайды. Америка құрлығында өмір сүріп жатқан он бесінші ғасырдың соңы, он алтыншы ғасырдың басынан бері тарихқа «үндіс» деген атпен енген халықтың о бастағы шыққан тегі Алтай, Азия құрлығы екендігі ғылыми дәлелдер, нақты мысалдар келтіріліп, тарихи деректер арқылы айғақталады. Бұл орайды ғалым кітаби деректерге ғана сүйенбейді. Жергілікті халық өкілдерімен тікелей тілдік қарым-қатынас жасау, олардың тұрмыс-салтымен. Әдет-ғұрпымен көзбе-көз танысу арқылы ой тұжырымдап, лингвист ғалым ретінде ғылыми тұрғыдан түйіндеп берген. Әлемдік деңгейдегі ғалымдардың еңбектерін жан*жақты зерттеп оқыған ғалым олардың лингвистикалық, этнолингвистикалық, археологиялвқ, антропологиялық, тарихи, топонимикалық пікір-толғамдарымен ой сабақтастыра отырып, қазақ оқырмандары мен ғылыми бағыт үшін мүлде тың пайым ұсынады. Тіпті ежелден бәрі анық, нақты шындық боп көрінетін Христофор Колумб мен Америго Веспучи туралы да өте тың мәліметтерді алға тартады. Этнолингвистикалық талдау барысында Американың байырғы халқының Азия, оның ішінде Алтай жерінен кеткендігі, дәстүрі, салты, тілдік фактілері жөнінен түркі халықтарымен тарихи тамырластығы, ежелгі тарихы бір жерден басталатыны жөнінде жүйелі ғылыми тұжырым жасалады.

Түбі түркі халықтардың ұлы өркениетінен тылсым сыр шертетін құндылығы мол Әділ Ахметовтың еңбектері Мәдениет және ақпарат министірлігі қолдауымен тек ғылыми ортаға ғана бағышталмай, бүкіл Республика кітапханаларына таралып, өзінің ана тілін, түпкі тегін, тарихын және мәдени мұраларын көзінің қарашығындай қастерлейтін қалың жұртшылыққа да жолын тапты.

Дереккөздер

<references/> 4. Ахметов Ә. 2009. "Түбі түркі өркениет." Алматы: Арыс ISBN 9965-17-625-6 (академик Рымғали Нұрғали жазған "Құрлықтарды жалғаған терең тамырлар" атты бөлімі)

Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әділ Құрманжанұлы Ахметов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}