Әбілахат Ысмағұлұлы Есбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:28, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Әбілахат Ысмағұлұлы Есбаев (25.11.1925, Қостанай облысы Амангелді ауданы — 10.5. 1976, Алматы) — композитор. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1951 — 53 жылдары Алматы консерваториясының композиторлық факультетінде оқыды. 1953 жылдан Қазақ радиосында музыкалық редактор болды. Әбілахат негізінен, ән жанрында (ән, романс, хор, баллада) шығармалар жазды. Ең алғашқы туындысы — “Туған ел” әні (1942). Оның “Маржан қыз”, “Жастар мерекесі”, “Шофер келді қырманға”, “Әлі есімде”, “Жайық қызы”, “Қыз қуу”, “Жылқышы”, “Ортеке”, “Ұстазым”, “Бейбітшілік сақталады”, “Аққуым”, “Ақ сәуле”, “Қайдасыңдар, достарым”, “Орамал”, “Сағыныш екен бала кез”, т.б. әндері халық арасына кең тараған. Сондай-ақ, С.Адамбековтің “Күн мен көлеңке”, Ә.Тәжібаевтің “Той боларда”, Қ.Аманжоловтың “Досымның үйленуі” спектакльдеріне және И.Байзақовтың “Ақбөпе” поэмасы бойынша қойылған радиоқойылымға музыка жазды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}