Ұйтас

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:30, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Ұйтас- исламға дейінгі уақыттағы сәулетшіліктің түрі. Ұйтастар қазіргі Қазақстанның тарихи мәдени мұрасы болып табылады, себебі ұйтастар қазіргі күнге дейін сақталған тарихи ескерткіштердің қатарына кіреді. Ұйтастар адамды көмген жерге қойылатын құрылыс. Көбінесе 8 ғасырда Қарлұқ және Қимақ қағанаттары тіршілігі кезеңінде тарау тапты. Мұндай архитектуралық есткерткіштер Орталық Қазақстанда, Жетісуда, Тарбағатайда және Маңғыстауда әлі күнге дейін сақталған. Сыртқы көрінісімен дөңгелек және киіз үйге ұқсайтын, қабырғалары тастан қаланған бұл ғимараттарды қазақтар «ұйтас» немесе «дын» деп атаған. Ұйтастар Қазақстан жерінде сақтардың мәдениетінің ең жарқын көрініс табатын белгілерінің бірі. Олардың арасында өзінің керемет байлығымен Есік ұйтасы айрықша ерекшеленеді. Онда 1969 жылы археологиялық зерттеулер нәтижесінде Алтын адам табылған.

Дереккөздер