Үміт

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:12, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

ҮМІТ1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Троицк қаласында құрылған жастар ұйымы. Негізін сол маңайдағы оқушы қазақ жастары құрады. Сол кезеңде пайда болған қазақ жастарының басқа да ұйымдары сияқты “Үмітте” негізінен мәдени-ағартушылық, демократия сипаттағы шараларды (қазақ халқының арасында оқу-білім тарату, мәдениеті, әдебиеті мен өнерін көтеру, оқушы жастарға жәрдемдесу, ауыз әдебиеті үлгілерін жинастырып жариялау, әйел теңдігін, демократиялық қоғамды насихаттау, т. б.) жүзеге асыруға тырысты. Саны жағынан шағын болып, қос төңкеріс пен Азамат соғысы жылдарының әсерінен кейбір мүшелері алаштық, ұлттық, кейбіреулері большевиктік-ревеволюция идеяларды жақтады. 1918 жылы 5 — 13 мамыр аралығында Омбы қаласында әр түрлі жастар ұйымдарының біріккен құрылтайы болып өтті. ҚұрылтайдыБірлік” ұйымы ұйымдастырып, оның жұмысына қатысу үшін сол кезде Қазақстанда құрылған 21 жастар ұйымынан бір-бір өкілден шақырылды. Олардың ішінде “Үміт” ұйымы да болған. Ұйым басшылары мен мүшелері, олардың кейінгі тағдыры жөніндегі деректер мардымсыз.

Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}