Үмбетей Тілеуұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:49, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Infobox Biography Үмбетей Тілеуұлы (1706-1778) - Ақмола облысында, яғни Орталық Қазақстанда дүниеге келген. Ол жас жағынан Бұқар жыраумен құрдас болған деген дерек бар:

Үмбетей Бұқармен дос, құрдас екен,
Қайтыс боп үш жыл бұрын құса-дерттен,-

деген өлең жолдары осыны меңзейді.

Бұл өлеңді Бөгенбайдың немересі Бапан би шығарған деседі ел аузында. Үмбетей жас күнінен-ақ кедейліктің зардабын тартады. Ақындық даңқы шыққан Үмбетейді Абылай хан өз айналасында ұстайды, ол сол кезден-ақ жырау атанған. Ол Бөгенбай батырға серік әрі оның жыршысы болған. Жырау қазақ халқының Жоңғар басқынщыларына қарсы күресте болып, тарихи оқиғаларды нақты жырлаған. Ол халық мүддесі үшін хан көңіліне қарамай, әділ,тура өлеңдер қалдырған. Жырау Ақмола өңірінде жүз жасап дүниеден өткен.

Үмбетей жырау- дидактикалық поэзияның әйгілі шеберлерінің бірі. Ол жастайынан сөз өнеріне ден қойған. Оның осы жолдағы алғашқы ұстазы - өз әкесі болған. Ол ән өнерін жақсы білген, ел тарихына өте қанық адам болғанға ұқсайды. Сол себепті халық шежірелерінен, шешендік сөздерінен, халық дастандарынан көп тағылым алған.

Үмбетей жырау- елінің қорғаны болған батырларды жырына арқау еткен. "Бөгенбай өліміне", "Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту" атты толғауларында ол Бөгенбай бастаған халық батырларын дәріптеп, қайратты ерлерді ұрпағына өнеге еткен. Жырау Бөгенбай батырдың ерлік бейнесін тамаша өрнектейді. Оны асқар Алатауға теңейді, тегеурінді бүркітке балайды, "Боламшыдай анадан болат тудың,Бөгенбай" деп қастерлейді. Атамекен жаудан қорғап қалған, халқымыздың ұлан-байтақ жерін-Баянауыл, Қызылтау, Абыралы, Шыңғыстау- бүкіл Сарыарқа атырабын қалмақтардан аман алып қалған Бөгенбай батырдың ерлігін сүйсіне жырлайды. Үмбетей:

Қалмақты қуып қашырдың,
Қара Ертістен өткізіп,
Алтай тауға асырдың.
Ақшәуілге қос тігіп,
Ауыр қол жидырып алдырдың,
Қалмаққа ойран салдырдың

-деп, халқына Бөгенбайдың елі үшін жасаған ерлігін атап көрсететі. Жырау тек Бөгенбайды ғана емес, Абылай тұсындағы қолбасы батырлардың - Қаракерей Қабанбай, Қаз дауысты Қазыбектің, батыр Жәнібектің, Баянның және т.б ерліктерін де өлең жолдарына қосқан.

Бәкеге, Жауқашарға жырлары

Үмбетейде әділдікті, адамдықты ардақ тұтуға үндеген Бәкеге,Жауқашарға деген сияқты біраз жырлар бар. Олардың мазмұны нақты өмір оқиғасынан алынған. Бұл туралы бабалар сөзі жыраулар жырларына арналған Алдаспан кітабында біршама айтылған. Мысалы, Жауқашар деген дәулетті адамның бірінен-бірі өткен сойқанды сотқар тоғыз ұлы барымтаға шығып, көршілес ағайын ауылдың бурасын әкеліп, сойып алады. Екі елдің арасында дау туып, Бәке деген биге жүгінеді. Сонда ол Бәке Жауқашар жағына бұрмалық жасайды. Осыны білген Үмбетей араға түседі. Сонда "Бәкеге" деген жырымен әділдікке шақырады. Ақын "тоқымы кеппей топтанып, ел тонауға аттанып" жүрген тоғыз тентекті сынға алады:

Ұл он беске келгенше,
Қолға ұстаған қобызың.
Ұл он бестен асқан соң,
Тіл алмаса-доңызың.

деп, жақсы ұлдың, жаман ұлдың қандай болатынын мысалдап айтады.

Үмбетей Жауқашарға деген толғауында адамгершілікті, мейірбандылықты ту етіп көтереді. Ақын қонақ мезгілсіз келсе де қуану керек дегенді насихат етеді:

Кісіні көрсең, есікке
Жүгіре шық, кешікпе.
Қарсы алмасаң мейманды,
Кесір болар нәсіпке,

деген ақын сөздері-күні бүгін де өнеге, ұлттық ділімізге сын.

Үмбетайдың тоғаулары зиялы ойларымен, өрнекті көркемдігімен, ерлік рухымен жыраулар поэзиясында көрнекті орын алады. Оның поэзиясы нақтылыққа құрылған. Тақырыпты өзінің өмірінен алып жырлайды.<ref>Жалпы беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық/ Т.Ақшолақов, Т.Жұмажанов, С.Қалиев, С.Дүйсебаев.-Өңд.,толықт.3-бас.-Алматы:Мектеп, 2013.-408б.,сур.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}