Үлкен топ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:33, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлкен топ — ортақ қоғамдық-мәдени мүддемен біріккен, өзара ықпалдастықтағы және әрекеттестіктегі ауқымды қауымдастық.


Үлкен топ мүшелерінің қоғамдық қарым-қатынасы жеке тұлғалардың өзара тікелей араласуына құрылмайды, бірақ ол адамдардың тікелей қарым-қатынасына құрылған кіші топтардан құралады. Мәселен, бір сыныптың оқушылары кіші топ болса, жалпы мектеп оқушылары үлкен топ болады. Үлкен топпен кіші топ өзара көлемімен ғана ерекшеленбейді, әр түрлі сапалық деңгейдегі әлеуметтік психологиялық ахуалмен де ерекшеленеді. Үлкен топ тиімді, түбегейлі мақсатты әрекетке ие болғандықтан, осы мақсат олардың тұтасуының кепілі болады. Үлкен топтағы іс-әрекет топ мүшелерінің пікіріне құлақ асудан гөрі, жоғарыдан төмен бақылауға негізделеді. Үлкен топтың саяси бағытын негізінен топтың белсенді бөлігі айқындайды. Үлкен топтар жеке тұлғалық қатынастардың жоқтығына байланысты, топтық пікірді қалыптастыру мүмкіндігі төмен, бірақ ол құрамындағы кіші топтардың пікірін ортақ мақсатқа жұмылдыруымен ерекшеленеді.

Үлкен топты социология және әлеуметтік ғылымдар психологиясы зерттейді.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Бастама Үлгі:Уики {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}