Үлеспұл

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:03, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлеспұл

1) азаматтық құқықта — кооперативтің әрбір мүшесінің осы кооперативтің мүлкіне қатысуы мөлшерін көрсететін кооператив мүлкінің (бөлінбейтін қорлардан басқа) бір бөлігі. Үлеспұл кооператив мүшесінің үлеспұлдық жарнасынан және кооператив қызметінің барысында жасалған немесе сатып алынған мүліктің тиісті бөлігінен құралады;

2) жеке немесе заңды тұлғаға тиесілі және олардың үлеспұлшылардың жалпы жиналысына қатысуына, салымпайда (дивиденд) алуына және компания таратылған кезде оның мүлкінің бір бөлігін алуына құқық беретін ақшалай жарна сомасы немесе компания капиталындағы үлесі. Үлеспұл белгіленген құжатта — үлеспұлдық куәлікте ресімделеді, оған салымпайда алуға арналған купондар тіркеледі. Үлеспұлдық жарна кооператив компаниясының үлеспұлдық қорын құрайды.


Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы" 9 том {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}