Құрылтай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:05, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Құрылтай — түркі-моңғол ақсүйектерінің ресми кеңесі. Түркілерде, кейін Шыңғыс хан империясында Құрылтай үлкен рөл атқарған. Онда, негізінен, ұлы хан сайлау, жауланған жерлерге иелік ету және әскери жорық бағытын белгілеу мен оған әскербасы тағайындау мәселелері шешілді. өлыстарда да жыл сайын Шыңғыс хан әулеті мен әскери-көшпелі ақсүйектердің Құрылтайы шақырылды. 1259 ж. Мөңке ханның өлімінен кейін жалпы моңғолдық, яғни ұлы Құрылтай шақырылмайтын болды. 15 — 18 ғасырларда түркі мемлекеттерінде, соның ішінде қазақ хандығында аса маңызды мәселелерді шешу үшін Құрылтай шақырылған (қ. Қарақұмдағы халық құрылтайы, Ордабасы құрылтайы). 1920 ж. Түркіменстан, Өзбекстан, Тәжікстан секілді Орталық Азия елдерінде мемлекеті биліктің жоғары органы Құрылтай болды. Қазіргі Моңғолияның заң шығарушы органы — ұлы халық хуралы. Моңғол және түркі елдерінде бұл жиналыс, кеңес деген мағынаны білдіреді;

Құрылтай — партиялардың, қозғалыстардың, т.б. өзге де қоғамдық бірлестіктердің аса маңызды мәселелерге байланысты бастапқы басқосу жиылысы.<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, I том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Құрылтай|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}