Құрсақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

13:37, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Құрсақ (абдомен); (Үлгі:Lang-la — құрсақ) - ішкі мүшелер орналасқан дене қуысы. Құрсақтың сүйектік негізін бел омыртқалары құрайды. Оның алдыңғы жағын көкет (диафрагма) шектейді. Ал бүйір және төменгі қабырғаларын құрсақ бұлшықеттері мен тері құрайды. Құрсақтың артқы шекарасы жамбас сүйегінің алдыңғы жиегімен тұстас келеді. Құрсақтың ішкі бетін көлденең шандыр мен ішперде астарлайды. Құрсақта өңеш, қарын, ащы және жуан ішектер, бауыр, үйқы безі, көкбауыр, бүйрек, несепағар, жыныс мүшелері, қан және лимфа тамырлары, жүйкелер, жүйке тораптары орналасады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Жәндіктерде

Құрсақ буынаяқтылар денесінің кеуде бөлігінен кейінгісі. Көбінде құрсақ бунақталған өрмекшілерде және кенелерде кеуде мен құрсақ біріккен. Көп аяқтыларда құрсақ жетілмеген. Жақсы бунақталған құрсақ сыртқы қаңкасының сегментінде әрбір тергит және стернит(вентрит) жақсы айқындалған. Құрсақ кеудемен кең (орнықты құрсақ) немесе тар (сабақталған құрсақ) алдынғы жағымен жалғаскан. Тек қана жоғары сатылы шаянтәрізділерде құрсақ жетілген аяқтары боладыал төменгі сатылы шаянтәрізділерде, өрмекшітәрізділерде және жәндіктердің көбінде құрсақ аяқ болмайды. Жәндіктердің жыныстық және құйрық (церки) қосындылары кейбір төменгі сатылы жәндіктерде грифелькилері, ал кейбір түрлердің ұрғашыларында жұмыртқа салғышы немесе шаншары болады.<ref name="name">Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Құрсақ|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

et:Kõht#Inimese kõht no:Bakkropp