Құнанбай мешіті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:35, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Mergeto Құнанбай мешіті - Қарқаралы қаласында құрылысы 1850 ж. басталып, 1851 ж. салынып біткен мешіт. Мешіт салу жөнінде 1847 ж. әңгіме қoзғалып, арасында Күшік-Тобықты баласы Құнанбай бар, 16 болыс қол қойған. Аға сұлтан, майор Құсбек Тәукеұлы мөр басқан мешіт салу туралы акт дуанға тапсырылған. Оңда құрылыс үшін халықтан қаржы жиналатыны айтылады. 1849-52 ж. Қарқаралы округіне аға сұлтан болған Құнанбай құрылыс жүргізу ісін өз қолына алып, тыңғылықты аяқтағаңдықтан - мешіт халық арасыңда Құнанбай мешіті аталып кеткен. Кейінірек мешіт жанынан медресе, шәкірттер үшін жатақ, молдалар үйі бой көтереді. Құнанбай мешіті Қарқаралы округіңдегі ислам дінін уағыздауға, балалардың қара танып, сауат ашуына көп қызмет еткен. Мешітке көзіңде Абай да барып тұрған. Құнанбай мешітінің күтімсіздіктен тозып, жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрған кесенені қайта қалпына келтіру үшін 1989 ж. қарашада облыс, аудан жұртшылығының шақыруымен Алматы қаласынан Қазақтың мәдени-тарихи ескерткіштерін қорғау және қайта жабдықтау конструкторлық жобалау институты мен Көркем-сурет Ғылыми-реставрациялау өндірістік бірлестігінің мамандары 1991 ж. Құнанбай мешітін алғашқы қалпына келтірді.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Құнанбай мешіті|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}