Құдайберген Тәуекелұлы Сұлтанбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:06, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Тұлға Құдайберген Тәуекелұлы Сұлтанбаев (1947 жылы Қызылорда облысының Арал ауданы - 2010 жыл) - актер, қоғам қайраткері. Қазақстанның халық әртісі.

Жалпы мәліметтер

  • Өнердегі жолын 1970 жылы Гүлдер (ансамбль)нде жарық берушіліктен бастаған ол сан қырлы талантымен халықтың сүйікті актеріне айналды. Жас кезінде ауыр атлетикамен, акробатикамен айналысқан.

1974-1992 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік өнер институтының актерлік мамандығын, Абай атындағы Мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

Қ.Сұлтанбаев сан қырлы талант болды. Оның ерекше бір таланты – сатира жанрында жарқырай көрінді. Бұл тұста Тамаша әзіл-сықақ театрының іргесін қалаушылардың бірі болған актер өмірінің соңына дейін оның бағдарламаларына белсене қатысып, көрерменін хас өнерімен сусындатып өткенін атап айту керек. Көрнекті актер кино өнерінде де өзіндік із қалдырды. Ол режиссер Сатыбалды Нарымбетовтің бірнеше фильмінде, сондай-ақ «Б.Шамшиевтің «Көктөбедегі кездесу», З.Подольскийдің «Қош бол, Медеу», С.Тәукелдің «Махамбет», Рүстем Әбдірашевтің «Қаладан келген қыз», «Құрақ көрпе», т.б. көркем фильмдерде әрқилы да қызғылықты бейнелер жасады.

  • Сан қырлы талант иесі ән салып, бірнеше аспапта шебер ойнады, суретшілік өнерден де кенде болмады. Ал, Қазақ ұлттық өнер академиясында ұстаздық еткен кезеңінде 2005 жылы оның студенттері Қырымда өткен Халықаралық студенттер мен жастар фестивалінде Бас жүлдеге ие болды.
  • Құдайберген Сұлтанбаев 1995-1999 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы 1 сайланған кәсіби Парламентінің депутаттығына сайланды. Ол осы кезеңде ел үшін өзекті мәселенің бірі Арал мәселесіне ерекше назар аудартып, сайлаушыларының аманатын орындады.

Қазақ өнері үлкен қазаға ұшырады. 64 жасқа қараған шағында көрнекті актер, Қазақстанның халық артисі Құдайберген Сұлтанбаев 2010 жылы 20 желтоқсанда қайтыс болды.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref><ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3</ref>

Марапаттары

  • "Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі"
  • "Қазақстанның халық әртісі" (1996) құрметті атақтары берілді.
  • 2008 жылы "Құрмет" орденімен марапатталған.

Дереккөздер

Үлгі:ДереккөздерҮлгі:Bio-stub