Қытай. Дәстүр және қазіргі заман (көрме)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:29, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Мұражайдың келермендері Қазақстан Республикасындағы ҚХР елшілігі арқылы 2000 жылы Қытайдың сәндік-қолданбалы өнерінің тамаша шығармаларымен танысуға мүмкіндік алды. Қытайдың ішкі кескіндемесі деп аталатын шыныдан жасалған ыдыстардың қабырғаларындағы айшықты суреттер ұмытылмас әсер қалдырды, бұл аса жоғары өнер ретінде сипатталады және оның құпиясы белгісіз. Терең оймалармен безендірілген лажылы вазалар, сүйектен ойылған тор бұйымдар, сәдеп панно, бүгінде Қытайда кеңінен танымал көрме-конкурстардың, сондай-ақ қала саябақтарында өткізілетін жаңажылдық мереке күндерінің міндетті белгілері болып табылатын дәстүрлі фонарьлар (ағаш төрткілдештен төртқырлы немесе алтықырлы етіп жасалады), «таулар мен сулар», «гүлдер мен құстар» жанрларындағы суреттері бар қағаздар, жібек маталар, шынылар көздің жауын алды.. Көрме залдарының бірі келушілерді әдеттегідегіден тыс техникада – матаға айшықты сурет салу, яғни «батик» деп аталып кеткен техникада орындалған паннолармен таныстырды. Мұнда «айдаһар биі», «арыстандар биі» сюжеттері, пекин классикалық операсының бетперделері өте жиі кездесті.

Көрмеге 16 мыңға таяу адам келді, 280 экскурсия өткізілді.

Дереккөздер

<references/>

1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА 2009ж.