Қыдыр ата

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:10, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сурет:Al-khidr.jpg
Зұлқарнайн (сол жақта) және Қыдыр (Сикандарнаме)

Қыдыр, Қыдыр ата, Қызыр –

  1. ислам дініндегі пайғамбар. Кейбір дінтанушы ғалымдар оны Ілияс пайғамбар деп жорамалдайды. Құран Кәрімнің Кәһф сүресінде Мұса пайғамбар сапарға шыққан кезде Қыдырға жолыққаны, Алланың оны Мұсаға тағылым үйрету үшін арнайы жібергені жайлы айтылады (66 аят).
  2. мифтік бейне. Түркі халықтары мифологиясында Қыдыр бейнесінің астарынан ислам дініне дейінгі және онан кейінгі кезеңде пайда болған екі діни-фольклорлық дәстүр түсінігі аңғарылады.

Кей халықта ол теңізде сапар шегушілердің қамқоршысы деп есептелсе, үнділер су иесі деп қабылдаған, сондай-ақ өрттен, су тасқынынан, ұрлықтан, жылан шағудан сақтайтын пір деп те есептеледі. Сонымен қатар жыр мәтіндерінде Қыдыр ата мен Қызыр ата, Ілияс есімдері дербес үш тұлға ретінде аталады (“Қызыр ата, қырық шілтен; Қыдыр менен Ілияс; олар да болсын жолдасың” немесе “Қызыр Ілияс жар болып, Қыдыр ата қолдасын”). Осыған байланысты “Қыдыр” мен “Қызыр” (Хадир, Хидр, Хизр) бейнелерінің екі түрлі мифтік бастаудан өрбіп, уақыт өте, есімдерінің сыртқы ұқсастығына және мифтік сәйкестігіне қарай бір бейне ретінде түсіндірілгенін топшылауға болады. Қыдыр көбіне-көп батырлық жырларда аталады, батырлар одан демеу, қолдау күтіп, атын атап шақырады. Қазақ халқының ұғым-түсінігінде Қыдыр сәттілік пен бақ беруші, көбіне иман жүзді қарт түрінде бейнеленіп, өзін көзімен көру сәті түскендерге бақыт сыйлаушы ретінде суреттеледі. Яғни, күнделікті кездесетін адамдардың арасында Қыдыр-ата болуы мүмкін: ол әр түрлі кейіпте (көбіне кедей адам секілді) жүреді. Одан сый алу үшін кез келген адамға, оның әлеуметтік мансап-мәртебесі мен байлығына, киіміне, түр-әлпетіне қарамай, қонақжайлық көрсету керек (өйткені ол Қыдыр болып шығуы мүмкін). “Қырықтың бірі Қыдыр” сөзінің астарынан осындай түсініктен туындаған моральдық факторды көруге болады.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Қыдыр ата – ақиқат пен аңыз арасында. Исламда Қыдыр', Хизыр, Қызыр баба (Үлгі:Lang-ar Қыдыр ата).

Қыдыр ата

Қыдыр ата және Ұлыс күні

Қазақтар Ұлыс күнді «жыл басы» санайды . Бұл күн – аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні – ұлыс күн» деп атаған. Григориан күнтүзбесі бойынша ескіше – 9 наурыз, жаңаша 21-нен 22-не қараған түн осы күнге сәйкес келеді . Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қызыр аралайды екен. Сол себепті осы түн «Қызыр түні» түні деп аталады . Қыдыр мұсылман елінде ел аралап жүрген адам бейнелі «әулие», адамға «қамқоршы», «дәулет» беруші. Діни наным бойынша әр бір нәрсенің иесі болады-мыс. Мысалы: «құт», «дәулет», «ырыс». Олар түрлі құс, адам, жәндік бейнесінде ел кезіп жүреді-міс. Солардың бірі Қыдыр .

Қыдыр атаның сипаттары

Қыдыр (Қызыр) ата бүкіл халықтың қамқоры, оларға жақсылық жасаушы, ырыс, құт, несібе әкелуші, бақыт, береке, өмір сыйлаушы қасиет иесі, кемеңгер, әулие, көріпкел, жарылқаушы қарт. Ол Ұлыстың ұлы күнінде әр елге келіп, әр шаңыраққа соғып бата береді. Міне сондықтан әр үй Қыдыр атаның жолын күтіп, өздерінің жанын да, тәнін де, киер киім, ыдысы мен бұйымдарын да таза ұстауға тырысады. Үйдің іші-сыртын, қора-қопсыны тазартып, ағаш егіп, өсімдікке су құяды. Мұсылман қауымы мұндай үйге Қыдыр ата түнеп немесе бата беріп кетеді деп түсінген. «Қыдыр қонған», «Қыдыр дарыған» деген сөздер осындайдан шыққан . Осы және осыған ұқсас сөздерді бұдан да басқа қазақ халқының салт-дәстүрлері мен, әдет ғұрыптары жайлы, наурызға байланысты кітаптардан кездестіруге болады. (Қараңыз, Қазақ халқының дәсүрлері мен әдет-ғұрыптары. Жауапты редакторы: тарих ғ.д. пр. С.Е.Әжіғали. Алматы, «Арыс» 2005 ж. 17-18 беттер және Қош келдің наурыз. «Ақ Орда», «Өлке» баспасы. Алматы, 1993 ж. 22-бет). Алдымен осы «қыдыр» немесе «қызыр» сөзіне тоқталар болсақ. Араб тілінде ض «дод» деген әріп бар. Негізінде бұл әріп қазақ тіліндегі «д» және «з» д+з әріптерінің қосындысы арқылы шығатын әріп. Хидыр خضر. Осы себепті қазақшаға еген бұл сөз кей жерде «қыдыр» басқа бір жерлерде «қызыр» болып жазылып жатады.

Қыдыр сөзінің мағынасы

Хызыр сөзін қазақшаға аударсақ жасыл адам деген мағына шығады. «Хадар» – арабша жасыл деген сөз. «Хадрауат» - жасыл көкеністер. Бұл кісінің Хыдыр деп аталуына бірнеше дәйектемелербар. Хыдыр егер бір жерге отырып кейін ол жерден тұрып кеткенде, әлгі отырған жері жап-жасыл боп қалады екен. Екіншіден, ол кісі жасыл киім киіп жүрген екен. Осы себепті жасыл адам яғни, хыдыр деп аталып кеткен екен. Hızır (Arapça: الخضر al Khidr; Yeşil adam), İbrâhimden sonra yaşamış bir peygamber veya veli. Avrupa ve Asya kıtalarına hâkim olan Zülkarneynin askerinin kumandanı ve teyzesinin oğludur. İsminin, Belkâ bin Melkan, künyesinin Ebü'l-Abbâs olduğu ve soyunun Nûh aleyhisselâmın Sam isimli oğluna dayandığı bildirilmiştir. Bazıları da Hızır aleyhisselâmın İsrâiloğullarından olduğunu söylemiştir. Hızır lakabıyla meşhur olmasının sebebi, kuru bir yere oturup kalktığı zaman, oranın yeşerip yemyeşil olmasıdır .

Қазақша аудармасы: «Хызыр араб сөзі, Жасыл адам деген мағына береді. Хызыр Ибраһим а.с. пайғамбардан кейін өмір сүрген бір пайғамбар немесе уәли. Зулқарнайнның әскербасы әрі бір әпкесінің ұлы болған. Есімі Бәлка ибн Мәлкан болғандығы айтылады. Лақаб аты Әбул Аббас. Нұхтың а.с. ұлы Самның ұрпағына. Кейбіреулер Хызырдың Бәни Исраил қаумынан болғандығын айтады. Хыдыр аталуының себебі егер бір жерге отырып кейін ол жерден тұрып кеткенде, әлгі отырған жері жап-жасыл болады екен.».

والخضر هو النبي / إيليا بن ملكان بن عامر بن شالح بن أرفخشد بن سام بن نوح، وسبب تسميته بالخضر قيل لأنه جلس على فروه بيضاء وتحوّل لونها إلى أخضر ، وقيل إنه عندما يصلي تخضر الأرض من حوله ، وقيل لأنه يرتدي ملابس خضراء ، ويُعرف بالنبي / جرجس .. Қазақша аудармасы: «Араб клубы сайтында Хыдыр есімі жайлы мынадай мәліметтер берілген: Илия ибн Мәлкән ибн Амир ибн Шалих ибн Арфахшад ибн Сам ибн Нух. Оның Хыдыр аталу себебі бір ақ жерге отырса, ол жердің түсі жасылға айналар еді. Намаз оқыған жері де жасыл болатын. Және үстіне жасыл киім киіп жүретін. Оны Жәржәс пайғамбар деп те атайтын». Харлампий Барановта өзінің (Арабско русский словарь) сөздігінде: «Хидр – пророк Илья» деген мәлімет берген . Қазақтың салт-дәстүріндегі қыдыр атаға үңілер болсақ, ол - әулие, көріпкел, жақсылық беруші, бата беруші. Әйтеуір бар жақсылықты адамзатқа дарытушы. Дегенмен бұл сөздердің аңыз-әпсәнәға ұласып жатқан жерлері де баршылық.

Ал, Селезнев Г. Және Селезнева А. өздерінің (ДУХИ И ДУШИ В ТРАДИЦИЯХ НАРОДНОГО ИСЛАМА СИБИРИ (К ИЗУЧЕНИЮ РЕЛИГИОЗНОГО СИНКРЕТИЗМА В МАЛЫХ ЛОКАЛЬНЫХ КУЛЬТУРНЫХ КОМПЛЕКСАХ) атты кітаптарында Хызырға байланысты мынадай мәліметтер келтіреді: Другой яркий образ, представления о котором довольно устойчиво бытуют в деревнях Уленкуль и Черналы это Казыр-ата. Он представлялся в виде существа антропоморфного вида, старика в белой одежде с посохом. Казыр-ата мог появиться во сне и предсказать будущее, а мог явиться путнику и показать правильную дорогу. В то же время имеются сведения о том, что он невидим или предствлен в образе собаки или кошки белого цвета. Его образ двойстве-нен: он и плотен и бесплотен, и видим и невидим. В любом случае это добрый к людям дух или образ. Если кто-то видел белую кошку или собаку или кому-то было видение человека в белом, похожего на Казыр-ата, то это - доброе предзнаменование. Имеются представления, что Казыр-ата является также покровителем домашних животных: коров и лошадей. Не подлежит никакому сомнению, что прототипом образа Казыр ата, бытующего в по-верьях тарских татар является знаменитый ал-Хадир (ал-Хидр, Хизр/Хезр/Хизыр, Хи-дир/Хызыр, Хиджир, Кидар) - распространенный персонаж устных преданий и мусульманской книжной традиции. Известный в преданиях почти всех мусульманских народов, в тюркоязычной среде он получает титул Ата - отец. В народных рассказах и общемусульманской традиции герой предстает в двойном аспекте - материально-телесном и бестелесно-духовном, сочетает в себе мифическое и событийное, действительное и чудесное. Как духовность - незрим, даритель небесных благ, воплощает плодородие; как телесность - зрим, подлинный человек, смертен, описывается как белобородый старец, путешествующий с посохом из страны в страну. По мнению исследователей, под именем ал-Хадир (Казыр-ата) скрывается сложный образ доисламского мифологического персонажа. Скорее всего, этот персонаж представляет собой собирательный образ природы во всем ее многообразии, выраженный через символику цвета, числа и т.д. (Ислам на территории…, 1999. С. 91-93). В Средней Азии со святым Хызром повсеместно была связана земледельческая обрядность, а сам герой считался подателем изобилия. Здесь существовал обряд, согласно которому на кучу обмолоченного зерна клался кусок глины, для того, чтобы Хызр (Хыдыр) взглянул на собранное зерно или коснулся его рукой - это должно было увеличить урожай (Басилов В.Н., 1970. С. 22; Снесарев Г.П., 1969. С. 223)

Қыдыр ата тарих беттерінде

Демек, Қыдыр сонау заманнан өмір сүріп келе жатқа ұлы әулие қатарынан болды. Одан басқа жан менен тән сыйлаушы. Ал өзі болса мәңгі өмір сүретін секілді. Енді осы нәрселердің шындыққа қаншалықты жақын екендігін зерттеп көрелік. Қыдыр атаға тоқталмас бұрын пайғамбарлар жайлы сөз жүргізбегеніміз дұрыс болмас. Себебі Қыдыр атаның есімі пайғамбарлардың қатарынан да кездеседі.

Қыдыр ата жайлы Құранда

Пайғамбарлардың қиссаларында, Мұса а.с. пайғамбар мен Хыдырдың (Қыдыр ата) қиссасы келген. Сондай-ақ бұл оқиға Құран Кәрімде Кәһф сүресінің 60-82 аяттарында баяндалған. Хыдыр мен Мұса пайғамбардың қиссасын Ибн Касирдің (Қисасул әнбия) кітабынан келтірейік: Имам Бұхаридің айтуынша, Убай ибн Каъб Ин Аббастан мына хадисті келтіреді: «Бір күні Мұса пайғамбар Бәни Исраил қауымына уағыз айтып тұрғанда, одан: «Адамдардың ең білімдісі кім?» - деп сұрайды. Сонда пайғамбар «Мен» деп жауап береді. «Аллаһ біледі» деп айтпағандығы үшін, Аллаһ тағала Мұса пайғамбарды айыптайды. Оған уахи етіп, Аллаһ былай дейді: «Екі теңіздің қосылған жерінде бір пендем бар, ол сенен білімдірақ». Сонда Мұса: «О Раббым! Оны қалай табамын?» – дейді. Оған: «Себепке балық салып ал, балақты қай жерде жоғалтсаң, оны сол жерден табасың»,-деп жауап қайтарылады» .

Сонымен Мұса жолға шығып, жанына қызметкер ретінде Юшаъ ибн Нун деп аталатын бір жас баланы серік етіп ертіп алады. «Сол уақытта Мұса қызметкеріне: «Екі теціздің қосылган жеріне жеткенге дейін тоқтамаймын немесе жаяу жүріспен жылдар өткіземін», - деді. Екеуі екі (теңіздің) құйғанына жеткен кезде, балықтарын ұмытты. Сонда (балық) ыршып түсіп тецізден жол алды» Оларда өздерімен бірге алып шыққан қуырылған балық болды. Ал екі теңіздің құйған жері деген — Қызыл теңіздің қос қапталы болатын. Аталмыш мекенге жеткенде Мұса ұйқыға кетті де, Юшаъ ояу отырды. Сол кезде әлгі қуырылған балық тіріліп, себеттен секіріп теңізге түсіп, жүзіп кетеді. Юшаъ бұл жайтты тамашалап отырды. Бірақ, Мұса оянғаннан кейін оған айтуға ұмытып кетеді. Сапарларын одан әрі жалғастырып, «екеуі ілгерілеп барган кезде, Мұса қызметкеріне: «Азығымызды әкелші. Расында бұл сапарымызда шаршадық», - деді. (Юшаъ): «Көрдің бе? Таста дем алғанда балықты ұмытқан екенмін. Маған оны айтуды шайтан ұмыттырды. Ол таңғажайып түрде теңізден жол алды»,-деді. (Мұса): «Міне, іздегеніміз осы», - деп екеуі ізінше қайта қайтты. Сонда екеуі Өз тарапымыздан мархамет беріп, Өз қасымыздан ілім үйреткен пенделерімізден бірін тапты». Екеуі осылай артқа қайтып, Хыдырды кездестірді. Ғұламалардың көпшілігі бұл кісіні пайғамбар болған дейді. «Мұса оган: «Саган үйретілген даналықтан маған да үйретуің үшін саған ерейін бе?» - деді. Ол: «Расында сен менімен бірге (жүруге) шыдай алмайсың. Ішкі сырын толық білмейтін нәрсеге қалай сабыр ете аласың?» - деді. (Мұса): «Аллаһ қаласа, мені сабырлы табасың. Сондай-ақ саган ешбір істе қарсы келмеймін», - деді».

Сонда Хыдыр: «Ал онда маган ілессең, өзім айтпайынша, менен ешнәрсе сұрама»,- деді». Олар осыған келісіп, Мұса Юшаъты елге қайтарып, өздері жолға шығады. «Сөйтіп, екеуі жолға шықты да, кемеге түсіп, (Хыдыр) оны тесе бастады». Ішіне су кірген кеме бата бастады. Кемедегі балықшылар ішке кірген суды сыртқа төгіп, әбігерге түсті. Хыдырдың бұлай істегеніне Мұса таңырқап: «Кемедегілерді суға батыру үшін тестің бе? Рас орынсыз істедіц», - дейді». Хыдыр: «Саған менімен бірге әсте сабыр ете алмайсыц демедім бе?» - деді». Сонда Мұса Хыдырға берген уәдесі есіне түсіп: «Ұмытқан нәрсемді есепке алма. Маған ісімде қолайсыздык, тудырма»,-деді». Мұнан кейін олар бір жағажайға түсіп, біраз жүрген соң Хыдыр ойнап жатқан балалардың қасына келіп, олардың біреуін жығып құлатып, бауыздап өлтіріп тастайды. «Екеуі Жолга түсті. Бір ұл бала кездесіп еді, (Хыдыр) оны өлтірді». Көз алдында кісі өліміне куә болған Мұса шыдап тұра алмай: «Кісі өлтірмеген жазықсыз біреуді өлтірдің бе? Рас, жаман нәрсе істедің», - дейді». Хыдыр тағы да: «Сен менімен бірге Жүруге әсте шыдай алмайсың демедім бе?» — деді». Мұса: «Егер бұдан кейін бір нәрсе сұрасам, тіпті мені жолдас қылма. Рас мен тараптан үзірге жеттің»,- деп соңғы уәдесін берді.

Сосын шаршап-шалдығып, қарындары ашып бір ауылға келеді. Бірақ, ол ауылдың адамдары бұларды үйлеріне түсіріп, қонақ қылмайды. Екеуі үйлеріне түсуге сұранса да, қабылдамайды. Сонда олар ауыл сыртына шығады. Қараса бір дуал қаңырап, құлайын деп тұр екен. Хыдыр барып ол дуалды түзетіп қояды. Мұса оның қонақ күтуге жарамаған ауыл адамдарының құлайын деп тұрған дуалын еш ақысыз жөндеп бергеніне таңырқап қалады. Аллаһ Тағала: «Сонда екеуі тағы жүріп, бір ауыл халқына барып, тұрғындарынан тамақ сұрады. Олар екеуін қонақ қылудан бас тартты. Сонда екеуі ол жердегі жығылғалы тұрған тамды көріп, (Хыдыр) оны жөндеді. (Мұса): «Егер қаласаң бұган ақы алар едің», - деді. (Хыдыр): «Міне, осы, мені мен сен екеуміздің арамыздың айрылуы. Ал енді саған сабыр ете алмаған нәрселеріңнің сырын айтайын. Кеме теңізге кәсіп істейтін кембағалдардікі еді. Оны ақаулы еткім келді. Өйткені, арт жақтарында әрбір (жарамды) кемені тартып алатын патша бар еді. Ал баланың мүмін әке-шешесі бар тұғын. Оныц әке-шешесін бас тарттыруға, қарсылыққа мәжбүрлеуінен қорықтық. Раббылары оларға оның орнына одан да таза әрі мейірімді бір бала беруін қаладық. Ал енді дуал, бұл қаладағы екі жетім баланыкі болып, оның астында екеуіне тиесілі қазына бар еді. Сондай-ақ әке-шешелері түзу кісі болғандықтан Раббың оларға қазыналарын шығарып алуын қалады. Бұл Раббыңнан бір мархамет еді. Сондай-ақ мұны мен өздігімнен істемедім. Міне, осы сенің сабыр ете алмаған істерің»,- деді» , - деп айтқан. Ибн Аббастың (Аллаһ әкесі екеуіне разы болғай) тәпсірлеуінше, Хыдыр кемені тескен кезде бір патша жолында кездескен барлық кемелерді тартып алып келе жатқан болатын. Тесілген кемені көрген патша оны керек қылмастан алмай кетеді. Ал Хыдыр өлтірген балаға келсек, Аллаһ Тағала бұл баланың ержеткенде залым, кәпір, ата-анасына жәбір беруші адам болатындығын біліп, оны өлтіруге әмір етті. Сөйтіп бұл баланың орнына мүмін әке-шешесіне ізгі бір бала сыйлады. Енді оның ауыл шетіндегі қаңыраған дуалды түзетіп қойғандығын айтсақ, ол дуалдың астында бір марқұм жақсы кісінің екі баласына тиесілі қазына жатыр еді .

Жоғарыдағы Мұса пайғамбар мен Хыдырдың қиссасы Құран Кәрімде келген атақты қиссалардың бірі. Құран аяттарына сүйенер болсақ, Хыдыр өздігінен іс атқармаған. Әрі Аллаһ тағаланың ең білімді пенделерінен . Жақсы іс атқарушы болыпта есептеледі. Дегенмен әулие, көріпкел, жан менен тән сыйлаушы деген секілді сипаттары жоқ. Әулие сөзіне тоқталар болсақ, «әулие» араб тіліндегі «уәли» сөзінің көпше түрі. «Уәли» қазақ тілінде дос, «ал әулие» достар деген мағына береді. Жалғыз адамға әулие сөзінің өзін қолдану қате болып есептеледі. Себебі ол көптік мағынадағы сөз емес пе? Көріпкелдікке тоқталар болсақ, Ислам дінінің наным, сенімі бойынша болашақты Аллаһтан басқа ешкім білмейді. Пайғамбарларда білген емес. Сонымен бірге жан менен тәнді сыйлаушы Аллаһ болып есептеледі. Құран аяттарына жүгінер болсақ Хыдырға яғни, Қыдыр атаға байланысты бұл сипаттар жоққа шығарылатын секілді. Наурыз түндерінде Қыдыр ата «үйлерді аралайды», «батасын береді» деген сөздерге тоқталар болсақ, наурыз әлі күнге дейін жалғасып келуде, демек Қыдыр ата әлі күнге дейін аралап келе жатыр деген сөз.

Қыдыр ата жайлы басқада пікірлер

Сондай-ақ кейбір тәпсір және тарих кітаптарында Хыдыр тірі деген пікір айтылады. Негізінде бұл өрескел қате түсінік. Бұған дәлел Абдуллаһ ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болғай) риуаят еткен хадисте пайғамбарымыз с.а.с. бірде құптан намазын оқып болған соң сахабаларға бұрылып: «Мына түндеріңді көріп тұрсыңдар ма?»-деп сұраған. Олар: «Иә»,-дейді. Сонда Пайғамбарымыз с.а.с. «Жүз жылдан кейін жер бетінде қазір тірі болған ешкім қалмайды»,-деген . (Хадисті Бұхари және Муслим риуаят еткен). Сонымен бірге Кувейттің Филикия деген аралында Хыдырдың (Қыдыр ата) қабірі бар деген мағлұматтар бар. Бұл мағлұмат араб тілін-дегі уикипедияда жарияланған. Және араб клубы сайтында Хыдырдың қабірінің суреті берілген. Сурет Яхия әл-Рабиғанның (мин әййәми заман) кітабынан алынған. Аталмыш мәліметтерге де сүйенер болсақ, Хыдыр дүние салған. Hızır aleyhisselâm, Allahü teâlânın sevgili kullarındandı. Doğdu, büyüdü ve vefât etti . Қазақша аудармасы: Хызыр а.с. Аллаһ тағаланың сүйікті құлдарынан. Ол дүниеге келді, өсті, үлкейді және дүние салды. Халық арасында тағы айта кететін бір жәйт, «Қыдыр ата» мен «Қадыр түнін» шатастыратындар кездеседі. Көпшілігі дерлік десек артық кетпеспіз. Қыдыр ата мен Қадыр түні екеуі екі бөлек нәрсе. Қыдыр түні рамазан айында яғни оразада болатын түн. Рамазан айының соңғы он тақ түндерінің бірі Қадыр түні. Ғалымдардың көпшілігі рамазан айының 27-ші түні «қадыр түн» деген пікірлер айтқан. Қадыр түні Қыдыр ата келеді деген де қауесеттер бар. Бұл да негізсіз пікірлер. Қадыр түнінде кімнің келетіндігі, яғни, жер бетіне Қыдыр атаның емес періштелірдің түсетіндігі жайында аяттар бар. Аллаһ тағала Құранда былай дейді: «Негізінде Құранды Қадыр түнінде түсірдік. (Мұхаммед с.а.с.) Қадыр түнінің не екендігін білесің бе? Қадыр түні мың айдан хайырлы. Періштелер мен Жәбірейіл періште ол кеште Раббыларының рұқсаты бойынша барлық іс үшін (Жер бетіне) түседі. Ол бейбітшілік кеші (болған қадыр түні) таң рауандағанға дейін жалғасады». Құран аяттары мен хадистерге жүгінсек, Қыдыр атаның тірі, әлі күнге дейін үйлерді аралап жүргендігіне дәлелдер жоқ. Тек қана қауесеттер, аңыздар, халық аузындағы сөздер. Қорыта келе Құран Кәрімдегі Мұса мен Хыдырдың арасындағы оқиғаға қарар болсақ, Аллаһ тағала ізгі, иманды ата-аналардың салауаттылығына Өзі тікелей араласып отыр. Оларға бейқайыр ұлдың орнына ізгі перзент сыйлады, балаларына арналған қазынаның сақталуын кепілдіге алды, кембағал балықшыларды да кемесіз қалмауында қарастырды. Демек, Аллаһ тағала әр бір істен хабардар, әрі бұл істі Хыдырға (Қыдыр атаға) жүктеген. Хыдырдың иелік еткен ілімене келсек – бұл оған Аллаһ тағала дарытқан ғайып ілім. Ал, ғайып ілімдер тек пайғамбарларға ғана Аллаһ тағала тарапына беріледі. Қыдыр атаға байланысты ақиқат ғұламалардың айтуынша оның пайғамбарлар қатарынан, Аллаһтың ілімді пенделерінен болғандығы. Ал халқымыздың аузында жүрген аңыздардың шындыққа жанасар жері еш жоқ.

Кім білер, Қыдыр ата жайлы қиссалар біздің елге жетіп келемін дегенше жергілікті шамандық наным-сенімдермен араласып, ақыр соңы көріпкел, әулиеге айналған болуы әбден мүмкін. Автор: Ұлықбек Алиакбарұлы.

Дереккөздер

<references/> 2. «Кім кінәлі? Мақалалар, әңгімелер, аудармалар». Ұлықбек Алиакбарұлы. Шымкент-2011 ж. 104-бет. ISBN – 9965-903-02-6 «Алтын алқа» баспасы

3. Селезнев Г. Және Селезнева А. өздерінің (ДУХИ И ДУШИ В ТРАДИЦИЯХ НАРОДНОГО ИСЛАМА СИБИРИ (К ИЗУЧЕНИЮ РЕЛИГИОЗНОГО СИНКРЕТИЗМА В МАЛЫХ ЛОКАЛЬНЫХ КУЛЬТУРНЫХ КОМПЛЕКСАХ)

4. Құран Кәрім.