Қуатбаев Қуанғали

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:40, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Қуатбаев Қуанғали (14.10. 1931, Атырау облысы Жылыой ауданы Қарағай мешіт а. – 11.4.2002, Алматы қала) – құрылыс инженері, технология ғылымдарының докторы (1983), профессоры (1984). Қазақ КСР-інің еңбек сің. құрылысшысы (1981).

Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) технологиялық университетін бітірген (1954). Қазақстан ғылым академиясының Құрылыс және құрылыс материалдары ғылыми зерттеу институтында (1954–62), Алматы құрылыс материалдары ғылыми зерттеу және жобалау институтында кіші, аға ғыл. қызметкер, лаборатория меңгерушісі, т.б. (1962–2002) қызметтер атқарды. Негізгі ғылым еңбектері силикат пен құрылыс материалдарының хим. технологиясына арналған. 500-ден астам ғылым жарияланым мен 10 монографияның авторы. 100-ге жуық авторлық куәліктің иегері. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.<ref>“Қазақ Энциклопедиясы”</ref>

Қуатбаевтың ғылыми ұсыныстары Ақтөбе, Астана, Қостанай, Орал, Семей, Павлодар, Теміртау, Иваново (Қырғызстан), Жызақ (Өзбекстан) және Қиыр Шығыс (Ресей) зауыттарындағы силикат материалдарына енгізілді. Оның еңбектері ағылшын, неміс, венгр, румын тілдерінде жарияланды. Қуатбаевтың тікелей араласуымен құрылысқа қатысты 35 нормативтік құжат әзірленді.

Шығармалары

  • Тайны искусственных камней, А.-А., 1982 (соавт.);
  • Әрлеу, жылу мен су оқшаулайтын материалдар технологиясының негізі, А.-А., 1997 (телавт.);
  • Современное состояние и перспективы производства ячеистого бетона в Казахстане, А., 1998 (соавт.).

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қуатбаев Қуанғали|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}