Қосшығұл Тауасарұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:55, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Қосшығұл Тауасарұлы. 19 ғасырда өмір сүрген белгілі тұлға. Арқадағы Сарысу уезінің құрамындағы Алшын-Жағалбайлы болысы құрамынан Таманың Әліп бұтағынан тараған ұрпақтарды өз алдына болыс қылып бөліп шығартқан Көшек Ерубайұлының ұсынысымен Қосшығұл Тауасарұлы Қарақыз болысының тұңғыш болыс басқарушысы болып сайланады. Ақыл-парасатының жоғарылығымен, сөз бастау, елді басқару үлгісімен танымал болады. Қосшығұлдың руы Таманың Дәулеткелдісінен, Барақ атты атадан.

- Кімсің?

- Қосшығұлмын.

- Қай Қосшығұл?

- Барақтың Қосшығұлы! - атанған жан екен.

Екі-үш жылдай болыс басқарушысы болып, алдына көптеген мақсаттар қойған жан екен. Арманына жете алмай, 33-тен 34-ке қараған шағында дүниеден озған. Қосшығұлдан соң Бегұлы Көшекұлы болыс болған. Қосшығұлдан туған балалардан ұрпақ үзілген. Қыздан туған жиендер баршылық. Қосшығұлдың інісі Дәуренбек те беріге дейін би болған. Дәуренбектің баласы Бекмағанбет Жайылма ауылына қоныс аударған елдің басында болып, Би атанған соңғы толқынның адам еді. Қосшығұл секілді өткір тірліктерімен танылған Сармашев Жазықбай да уағында "Барақтың Қосшығұлы" атанған екен. Жазықбай - Жамбыл облысы Сарысу ауданының мәдениет, жол бөлімдерін 1942-1963 жылдар аралығында басқарған белгілі тұлға.<ref>Н.Рахымжанов, "Жетіқоңыр:Жиделі және Жайылма"</ref>

Дереккөздер

<references/>