Қорған

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:01, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

  1. Қорған<ref name="source1">Қазақ энциклопедиясы</ref> - (Үлгі:Lang-ru) Ресей Федерациясындағы қала. Қорған облысының орталығы.
  2. Қорған - ежелгі қабірлер үстіндегі тас немесе топырақ үйінділері. Халық арасында мұндай ескерткіштер төбе немесе оба (Қарауылтөбе, Жуантөбе, Үштөбе, т.б.) деп те аталады. Археологиялық қорғандар неолит және энеолит (б.з.б. 4-3 мыңжылдықтар) дәуірлерінен белгілі. Қорғандар Қазақстанда темір дәуірінде кең тараған. Алматы облысындағы Бесшатыр, Есік, Түрген, т.б. қорғандар - өзі тектес ескерткіштердің үздік үлгілері. Қорғандардың пішіндері шар тәрізді, табаны дөңгелек, сопақ және тік төртбұрышты болып келеді. Қорғандардың өлшемі әр түрлі: биіктігі 0,3 -0,6 м, диаметрі 3 - 4 м, кейбіреулерінің биіктігі 20 м және одан да биік, диаметрі 100 м-ге дейін жетеді. Қорғандардың көлемі ішіне қойылған адамдардың тегіне, дәрежесіне, тұрмыс күйіне сай жасалады. Қабір үстіне қорған салу Қазақстанда 14 - 15 ғасырлырға дейін сақталып келген. Қорған астындағы қабірлер катакомба, сағана түрінде жасалады. Көне қорғандар - тарихи деректемелер үшін маңызы зор археологиялық құнды ескерткіштер.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}