Қоржын

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:30, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Қоржын<ref name="source1">"Қазақ энциклопедиясы", VI-том</ref> – иірілген жүннен тоқылған үй бұйымы. Түрлі заттар алып жүруге пайдаланылады. Жай жолақты немесе түрлі өрнекті, сондай-ақ кілемше (түкті, өрнекті) түрінде жасалады. Оның ат қоржын, түйе қоржын, т.б. түрлері бар. Қазақстан, Орта Азия мен Кавказ аймағының, Таулы Алтай өлкесінің тұрғындары пайдаланған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Қоржын – Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданындағы ауыл, ауылдық округ орталығы. Аудан орталығы – Қаратөбе ауылынан оңтүстікке қарай 63 км жерде. Тұрғыны 0,8 мың адам (2003). 1931 – 1997 жылы [қаракөл қойы|қаракөл қойын өсіру кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылдан Қоржында және округке қарасты Аққозы, Бесоба, Қосбаза, Ферма ауылдарында 17 шаруа қожалығы құрылған.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Қоржын, экономикада:

  1. жекелеген фирма, сала және макроэкономика деңгейінде белгілі бір күнгі тауарлар тапсырысының жиынтығы;
  2. сұранымды және дайындаушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып жасалатын, өнімді жеткізу шарттарын жасасу үшін негіз болып табылатын тауарлардың түр-түрі бойынша сұрыпталымдық жоспар;
  3. заңды не жеке тұлға иеленетін түрлі бағалы қағаздар;
  4. экономикалық субъектінің байлығын құрайтын активтер жиынтығы. Қоржын экономиканың барлық аяларында қолданылады және фирма, ұйым, кәсіпорын қызметінің ауқымы, экономикалық келешегі, рыноктағы орны, т.б. туралы пайымдауға мүмкіндік береді.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы.
«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер</span>

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}