Қонақжайлық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:33, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Қонақжайлыққазақ халқының ұлттық салт-дәстүрінің бірі. Сонымен қатар адамдар арасындағы сыйластықты, бір-біріне деген құрметті, қамқорлықты білдіретін, кісінің адамгершілігін, имандылығын айқындайтын қасиет. Адамдарды тіліне, дініне, ұлтына бөліп-жармай, достық ықылас көрсетіп, ас-дәм беру қонақжайлықтың негізгі белгісі. Қазақ халқының қонақжайлық қасиеті мен дәстүрі шетелдік саяхатшылар мен ғалымдарды әр уақытта таң қалдырған. Дәстүрлі қазақ қоғамында әкенің балаға қалдыратын мұрасының белгілі бір бөлігі міндетті түрде қонаққа тиесілі енші деп есептелінген. Қазақ сахарасындағы кез келген жолаушының кезіккен ауылдан тамақтанып, тынығып алуына мүмкіндігі болған. Әрбір үй иесі оны барынша сән-салтанатымен, пейілімен қарсы алып, ақ тілеумен шығарып салуды өмірдің айнымас шартына балаған. Отбасы үшін жолаушыны қонақжайлықпен күтіп алу бұлжымайтын моральдық-этик. қалып ретінде орныққан; қонақжайлық Қонақ; Қонақасы; Қонақ кәде.<ref name="source1">Қазақ энциклопедиясы</ref>

Қонақ күту.Қазақ халқы – ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық. Үй иесі бұрын танысын, танымасын «Құдайы қонақпын» десе болды, жылы шыраймен қарсы алып отырған. Жол жүріп кеп жатқан жолаушы «бөлінбеген еншісін бар» деп, жалынбай ауылдың кез келген үйіне түсіп, қонақ берген. Оның үстіне қазақта «қырықтың бірі қыдыр», «қонақты қусаң – құт, ырыс, қашады», «Қонақпен еріп құт, ырыс келеді» деген мәтелдер бар. Сөйтіп, бөлінбейтін еншіге қиянат жасауға болмайды. Бір қызығы, алты аласы, бес бересі болмаса да қонақ үй иесі тойдырмаса, күтпесе, ашуланып жамандап кететін болған. Қазақ үшін мұны есту ұят, бетке шіркеу болған.Сондықтан халқымыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға ерекше мән берген. Қонақты үй иесі, қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі кіріп есікті жабады. Бұл – қонақпен еріп келген «құт» бірге кірсін дегені Ал қонақты шығарып саларда, есікті қонақтарға аштырып, соңынан өзі жауып шығатын болған. Осы күнгідей қонақтарға есікті ашып, іштен жауап алу деген болған. Қазақ халқы қонақтарды «арнайы қонақ» (қонақ) «құдайы қонақ» (жолаушылар келе жатып түстеніп не бір күн түнеп шығатын қонақ) «қыдырма қонақ» (алыстан ағайын, туған туыстарын арнайы іздеп келіп, бір немес бірнеше күн олардың сый-құрметін көріп қайтатын қонақ), «қылғыма қонақ» (қай үйден түтін шықса, қай үйге қонақ келсе, соны аңдып жүріп кеп қалатын сүйкімсіз қонақ) деп бөлген. Келген қонақтармен жөн сұрасқаннан кейін үй иесі қонағына ең жақсы тамақтарын беріп, риза етуге тырысады. Ең алдымен қонақтарға сусын, қымыз, шұбат, және т.б. беріледі. Содан кейін шай ішіледі.Әдетте шәйдi бойжеткен қызға құйдырады.Оның себебi қыз бала келешек шаңырақ иесi, ас иесi болғандықтан жастайынан қонақ күтудi үйрене берсiн деген ниет болған.Екiншiден бойжеткен қызға шәй құйғыза отырып қыздың аспазшылық өнерiн елге паш ету.Бiр үй толы қонаққа кесенi ауыстырмай, шәйдi қызыл күрен етiп баптап беру үлкен өнер.Осыны көрген жолаушы, әсiресе қариялар ойына түйiп, барған жерiнде "бәлененiң үйiнде бәлен деген бойжеткен қыз бар екен, шiркiннiң шәй құйысы, қонақ күтiсi-ай"-деп мақтайтын болған. Шайды дәмділеп құю, қонақтарға орнымен сый-сиапат көрсету сол үйдегі әйелдер мен бойжеткен қызға үлкен сын болған.Шайды дәмділеп құйып бере алмаған бойжеткен қыз тәрбиесіз саналып, әңгімеге ұшыраған. Шай ішілген соң асқа дейін қонақтардың көңілді отыруына, яғни олардың бабын табуға үй иесі бар жағдайын жасайды. Шәйдi сүт немесе қаймақ қатып қызыл күрең етiп баптап беру, дастарқанға бауырсақ, өрiк мейiз, iрiмшiк, құрт, май, қант салып түрлендiру-үлкен аспазшылық.Шәй құйып, келiншек ыдыс-аяқты, ожауды, салдырлатпай әдеппен беруi керек.Егер ыдыс-аяқты салдырлатып берсе қонақ "үй иелерi жақтырмай отыр" деп ойлау мүмкiн.Қонаққа шәй екi қолдан алынып берiледi, немесе шыныны оң қолымен ұстап, сол қолдың алақанын жайып, шыны ұстаған қолдың бiлегiне тигiзiп, еңкейiп ұсынады.. Қазақ елiнде кез-келген уақытта қонағына мал сойып бермеген, бiрақ қонаққа деп әрқашан сыбаға сақтаған.Жазды күнi қонаққа ең болмағанда марқа сойылса,қысты күнi соғым етiнен тартылған мүшелi табаққа риза болады. Мал союдың да өзiндiк жөн-жобасы бар.Арнайы қонақ шақырып, той жасағанда келүшi кiсiлер саны оннан аспаса-бiр семiз марқа, жиырма болса-тоқтылы қой не екi үлкен ту қой, отыздан асса – бiр құлын не тай сойылған.Ал құдайы қонаққа қой баласынан "қоңыр тоқты" , ешкi баласынан "қара шұнақ лақ",жылқы баласынан "торысын" сойған.Келесiкезекте қонақ сыбағасында мал сойылған жағдайда қонақ алыстан келген аса сыйлы адам болса сойылатын.Мал есiктен кiргiзiлiп союшы малдың мiнер жағына бiр тiзерлеп отырып, екi қолың қойдың мойнынан орай ұстап, алақаның жайып қонақтан "әумин" деп бата тiлейдi.Қонақ бата iстеуге тиiс, бата әр түрлi мазмұнда болады.Бата үй иесiнiң пиғылына ризалық бiлдiру,малжанның амандығын тiлеу сияқты болып келедi.Арнайы келiп қонған сыйлы қонаққа мал соймай, өлi етпен жөнелту, немесе көже, құрт, май, шәй, айран-шалап беру үлкен айып саналған.Ондай сараң байларға ақындар өлең шығарып масқаралап жұртқа жайған.Ет жеудiң алдында қонақтың қолына су құйылады.Су құюшы бала сол қолына леген, оң қолына құман ұстап, оң иығына сүлгi орамал алып, қонақтардың қолына жағалай су құйып шығады.Су құюшы балаға қонақ ықылас бiлдiрiп, рахметiн, тiлегiн айтады.Қазақта сыйлы қонаққа бас тарту ежелгi ел дәстүрi.Ол – адам әлемдi баспен билейдi деген ұғымды бiлдiру. Әр қонақтың өзiндiк сый-сыпаты, мүше ұстау рәсiмдерi бар.Мысалы бас жасы үлкен ақсақалға, алыстан келген ең сыйлы қонаққа ұсынылса, онан кейiнгi отырған қонаққа асықты жiлiк ұстатады.Ал күйеу бала мен келiнге төс тартады.Қонақ тамақ iшiп болған соң ауыл адамдары(әсiресе жастар), "ауылдың алты ауызын" айтып, қонақтың көңiлiн көтередi де, кезектi қонаққа бередi.Қонақ не өлең айтып, домбыра тартуы керек, немесе ертек айтуы керек.Мұны "қонақ кәде " дейдi.Ал өнерден құралақан адам болса, қонақты аспаға асып, есек болып айқайлатып, тауық болып шақыртып сайқы мазақ жасайды.Әрине өнерсiз қазақ болмайды.Ондай жаза сирек қолданылады. Кештiң соңында үй иесi қонақты жайлы төсек-орынға жайғастырып: "Жайлы жатып, жақсы тұрыңыз", "Жақсы түс көрiп жатыңыз" деп өзi де демалады. Қонағын аттандырар кезде, отағасы қонағынан "бұйымтай ." сұрайды. Қалыптасқан дәстүр бойынша қонақ үй иесiнiң атын,мылтығы мен итiнен басқа кез-келген затты сұрауына болады.Үй иесi қонағының көнiлiн жықпай, қалауын берiп, "көрiскенше күн жақсы,қош,сау болыңыз!" деп қоштасып, аттандырып салады. Қонақ күту – халқымыздың ең жауапты ісі.Сонымен, қазақ халқының қонақ күту дәстүрi ел-жұрт арасындағы iзгi қарым-қатынастарды нығайтуға, ағайын-туысқандарың, көршi-қоландардың алыс-берiсiне, үлкендi-кiшi болып сыйласуына, өскелең ұрпақты жастайынан көпшiл, мейiрiмдi, үлкендi құрметтеп, кiшiге қамқоршы болуды үйретуге өте зор ықпалын тигiзген. Дастарқаны мол, пейiлi кең қазақ халқының қонақ жайлылығын бұрын-соңды қазақ даласында болған саяхатшылар, ғалымдар және қызмет бабымен келген адамдар жоғары бағаланған

Дереккөздер

<references/>
Сейдімбек А., Қазақ әлемі, этномәдени пайымдау, А., 1997;
Қатран Д., Қазақтың дәстүрлі ас-тағам мәдениеті (тарихи-этнологиялық зерттеу), А., 2002.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қонақжайлық|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}