Қолан Аманов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:49, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Қолан Аманов - 1932 жылы 27 қарашада Жамбыл облысының қазіргі Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Құмарық ауылында (бұрынғы Подгорный селосы) дүниеге келген. Алматыдағы, Қазақ мемлекеттік университетінің экономика факультетін, Мәскеудегі Халық шаруашылығы академиясын бітірген. Сол жылдардан бері қаржы саласында еңбек етіп келеді. Аудандық, облыстық қаржы мекемелерін басқарды. Республика қаржы министрінің орынбасары, республикалық Бақылау-тексеру басқармасының төрағасы қызметтерін атқарды. Төрт кітаптың авторы. 1991 жылы «Жазушы» баспасынан «Шынар» әңгімелер жинағы жарық көрді. Іле-шала «Кие», «Сең» секілді әңгімелер мен повестер жинағы оқырмандар қолына тиді. Одан кейін «Үрей» романы жарық көрді.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген экономисі.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Шығармалары

Төрт кітаптың авторы. 1991 жылы "Жазушы" баспасынан "Шынар" әңгімелер жинағы жарық көрген. Ілешала "Кие", "Сең" секілді әңгімелері мен повестер жинағы оқырмандар қолына тиген. Одан кейін "Үрей" романы жарық көрген.

Дереккөздер <references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}