Қарақұдық мұнай кен орны
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қарақұдық мұнай кен орны – Маңғыстау облысы Бейнеу ауданынан оңтүстік-батысқа қарай 160 км жерде орналасқан. Құрылым сейсмикалық барлау жұмыстары нәтижесінде 1964 жылы анықталған. Барлау бұрғылауы 1966 жылы басталып, (1-ұңғыма арқылы) 1971 жылы ашылған.
Геологиялық құрылымы
Құрылымдық жағынан өлшемі 12, 8, 8, 7 км, қалыңдығы 15 – 50 м антиклинальдық қатпар. Кен орны көп қабатты ортаңғы және жоғарғы юра түзілімдерінде қалыптасқан. Онда 9 өнімді горизонт анықталған. Өнімді бөліктің қимасы кезектесе қабаттасқан құмтастан, саздан, алевролиттен және аргиллиттен тұратын терригендік шөгінділерден құралған.
Тығыздығы, құрамы, қанығуы
Мұнай коллекторлары кеуекті. Кеуектілігі 13,5 – 16,3% арылығында, өткізгіштігі 0,003 – 0,002 мкм2. Мұнайы жеңіл, жоғары парафинді (4,2 – 22,3%), күкірті аз (0,03 – 0,49%), қышқылдылығы төмен. Жоғарғы юраның мұнайынан (тығыздығы 0,866 г/см3) ортаңғы юра түзілімдеріндегі мұнай біршама жеңіл (тығыздығы 0,8078 г/см3). Бастапқы қабаттық қысым 25,3 – 29,7 МПа. температурасы 78-111°С. Қабат мұнайының газға қаныққандығы тереңдеген сайын жоғарылайды (107-299,8 м3/т). Хлоркальций типті жоғары минералданған қабат суларының температурасы 104-110°С-қа, минералдылығы 132 г/л-ден 177 г/л-ге дейін жетеді. Кен орнынан мұнай өндірілуде.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 </ref>
Дереккөздер
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қарақұдық мұнай кен орны|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}