Қаратау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:14, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Қаратау – Еуразияның түркі тілдес халықтар қоныстанған аймақтарындағы биіктігі орташа және аласа тау жоталары. Алатаумен салыстырғанда Қаратауда жаз айларында қар жымылғысы болмайды, сондықтан осылай аталады. Қаратаудан шағын өзендер ғана бастау алып, тау алды жазықтарында құмға сіңіп кетеді. Мұндай таулардың беткейлері тасты, қорымды келеді. Қаратау атауы Орталық Азияда, Оңтүстік Оралда, т.б. түркі тілдес елдер аумағында (Түркия, Иран, Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы, Кавказ, Қырым, т.б.) жиі кездеседі. Қазақстанда Қаратау жотасы деген атау (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстары аумағында), Қаратау таулары (Маңғыстауда), Кетпен (Ұзынқора) жотасында да кездеседі.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Қаратау атауы — қазақтың тарихымен, ұлттық болмысымен біте қайнасып кеткен аномастикалық нысан, халқымыздың баспанасы, қарашаңырағы іспеттес рәмізге ие. 1723 жылғы “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” тауқыметін суреттейтін, өз кезінде нағыз ұлттық гимнге айналған “Елім-ай” жырындағы “Қаратаудың басынан көш келеді...” деп әспеттелетін мәртебелі тау осы. “Басында Нұх пайғамбардың кемесі қалған” Қазығұрт тауы да — Қаратаудың бір сілемі.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Тағы қараңыз

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Kz-geo-stub