Қапан Әубәкірұлы Мусин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:35, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Мусин Қапан Әубәкірұлы (1.1.1921, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Асуба ауылы – 21.4.1970, Алматы) – композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1968).

Мусиннің анасы – халық ақыны Халима Өтеғалиева баласын жастайынан өнерге баулыған. 1934 ж. Алматы музыкалық училищесін (И.Лесманның скрипка класы бойынша) бітірген. 1939 ж. Мәскеу консерваториясының қазақ студиясына қабылданды. 1940 ж. осы консерваторияның композиторлық бөліміне ауысты. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1943 – 53 ж. Қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестріне дирижерлік етті. 1954 ж. Алматы мемлекеттік консерваториясының композиция факултетін (профессор Е.Г. Брусиловскийдің композиция класы) бітірді. 1954 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы мемлекеттік консерваториясында (композиция кафедрасында, 1961 – 70 ж. фольклор кабинетінің меңгерушісі) ұстаздық қызмет атқарды. Мусин қазақ композиторларының арасында алғашқылардың бірі болып симфониялық шығарма жазды. <ref>Қазақстан энциклопедиясы, VI-том</ref>

Композитор шығармашылығының дені симфониялық шығармалар, тақырыбының негізгі арқауы – Отан, еңбек адамдары. “Жайлауда” (1948), “Халықтар бақыты” (1953), “Колхоз тойы” (1953), “Мерекелік” (1965) симфониялық поэмалары, 3 симфониясы (І – “Гүлденген Қазақстан” – 1961, ІІ – 1963, ІІІ – 1970); “Тың туралы кантата”, “Сейфуллин туралы поэма-баллада” атты музыкалық хореграфикалық композиция, ұлт аспаптар оркестріне арналған поэмасы, шекті аспаптарға арналған 2 квартет, скрипка мен фортепьяно үшін И.В. Панфиловқа арналып жазылған сонатасы, т.б. камералық, драмалық қойылымдарға жазған музыкалары қазақ музыкасының озық үлгілері болып табылады. Сонымен қатар, М-нің камералық, вокалдық-хор, ән-романс жанрларында жазылған шығармалары ел ішіне, кәсіби музыканттар арасына кеңінен тарады. Оның “Әнші сыры”, “Егіншілер әні”, “Достар әні” атты туындыларын әнші Ж.Елебеков орындады. Сазгердің әр кездері шырқалып жүрген “Сайра, бұлбұл”, “Почтальон”, “Қыз әзілі”, “Жас түлек”, “Жеңеше”, “Сүйікті жарым”, “Қымбат дәурен”, “Бақытысың сен кімнің”, “Аналардың қолдары” сияқты ән мұралары бар. Олардың қатарына аяқталмай қалған “Таң шолпаны” (1967, клавир), “Жаяу Мұса” (1970, бір актісі біткен) операларын қосуға болады.

Абай өлеңіне хорға арнап «Күз» деген ән шығарған.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қапан Әубәкірұлы Мусин|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}