Қалнияз Шопықұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:21, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Қалнияз Шопықұлы (1816, Сам құмы, қазіргі Маңғыстау облысы – 1902, Тәжікстан, Гиссар алқабы) – жырау. Жастайынан жоқшылық пен кедейшіліктің тауқыметін тартып өскен ол Хиуа хандарына қарсы жорықтарға қатысып, сарбаздарды өлең-толғауларымен ерлікке үндеді. Патша үкіметінің «Уақытша ережесіне» наразылық білдірген Маңғыстау қазақтарымен бірге 1870 – 80 жылы Ауғанстанның Гөрібағлан деген жеріне барған. Бірақ жергілікті ауған әкімдерінің қысымына көне алмай, ауылымен елге қарай – Душанбе, Гиссар бағытына көшті. Балалары қайтадан Теректі тауындағы елге қосылған. Қалнияздың «Ер Қармыс» жыры, «Жаскелеңмен айтысы», «Көтібар бөтен кісім бе?» деген толғаулары Маңғыстау, Атырау, Қарақалпақстан, Түрікменстан жеріндегі қазақтар арасына кеңінен тараған. Аталған шығармалары және «Сүгір батырға айтқаны», «Батырда Балуанияз, Қармысы бар» аталатын өлең, толғаулары Маңғыстау, Үстірт жерінде жүргенде туған. Қалнияз жырлары халық тағдыры, елді, жерді қорғап, сақтау сияқты өз дәуірінің көкейкесті мәселесіне арналған. Ақынның билермен кездескенде айтқан толғаулары да оның ақпа-төкпе жыраулығын танытады. Қалнияз күйші де болған. «Қалнияздың жорық күйін», «Қалнияздың жыр күйін» Орталық Азия жеріндегі қазақ өнерпаздары жиі орындайды. Қалнияздың есімі «Қырық батыр» аталатын батырлық жырды айтушылардың бірі ретінде де белгілі. Қ. жырлары «Аламан» (Таш., 1926), «Ақберен» (А., 1972), «19 ғасырдағы қазақ поэзиясы» (А., 1985), «Абыл, Нұрым, Ақтаным...» А., 1997) жинақтарында жарияланған. <ref>[[Маңғыстау энциклопедиясы]], Алматы, 1997;</ref> <ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қалнияз Шопықұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}