Қазақстан Парламентінің Сенаты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:37, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Update

Сенат – Қазақстан Республикасының қос палатадан құралған Парламентінің жоғарғы палатасы болып табылады. Сенат 47 депутаттан құралады. Сенат депутаттары тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екi адамнан сайланатын депутаттардан құралады. Сенат депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жолымен жүзеге асырылады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбiр үш жыл сайын қайта сайланады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулi мүдделерiнiң бiлдiрiлуiн қамтамасыз ету қажеттiлiгi ескерiлiп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президентi тағайындайды. Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - 6 жыл. Парламенттің бесінші сайланымында конституциялық нормаларға сәйкес 2011 және 2014 жылдары сайланған, 2011 және 2013 жылдары Қазақстан Республикасының Президентің тағайындаған Сенат депутаттарының өкілеттігі жалғаса береді.

Сенат өкілеттігі

Қазақстан Республикасы Парламентінiң өкілеттігі

Сенат және Мәжілістің бiрлескен отырысында Парламент:

  • Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi;
  • Үкiмет пен Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептерiн бекiтедi. Үкiметтiң республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есебiн Парламенттiң бекiтпеуi Парламенттiң Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiргенiн көрсетедi;
  • Президентке оның бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен бiр жылдан аспайтын мерзiмге заң шығару өкiлеттiгiн беруге хақылы;
  • соғыс және бiтiм мәселелерiн шешедi;
  • Республика Президентiнiң ұсынысы бойынша бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi сақтау жөнiндегi халықаралық мiндеттемелердi орындау үшiн Республиканың Қарулы Күштерiн пайдалану туралы шешiм қабылдайды;
  • Конституциялық Кеңестiң Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйi туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды;
  • палаталардың бiрлескен комиссияларын құрады, олардың Төрағаларын сайлайды және қызметтен босатады, комиссиялардың қызметi туралы есептердi тыңдайды;
  • Парламентке Конституция жүктеген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Парламент Палаталардың бөлек отырысында мәселелердi әуелi - Мәжiлiсте, ал содан кейiн Сенатта өз кезегiмен қарау арқылы конституциялық заңдар мен заңдар қабылдайды, оның iшiнде:

  • республикалық бюджеттi бекiтедi, оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi;
  • мемлекеттiк салықтар мен алымдарды белгiлейдi және оларды алып тастайды;
  • Қазақстанның әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы мәселелерiн шешу тәртiбiн белгiлейдi;
  • мемлекеттiк наградаларды тағайындайды, Республиканың құрметтi, әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерiн, дипломатиялық дәрежелерiн белгiлейдi, Республиканың мемлекеттiк рәмiздерiн айқындайды;
  • мемлекеттiк заемдар мен Республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуi туралы мәселелердi шешедi;
  • рақымшылық жасау мәселелерiн шешедi;
  • Республиканың халықаралық шарттарын ратификациялайды және олардың күшiн жояды.

Сондай-ақ:

* республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептердi талқылайды;
*  Республика Президентiнiң қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша қарсылықтар қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткiзедi.
*  республикалық референдум тағайындау туралы бастама көтередi.

Парламент Сенатының ерекше өкілеттігі

Сенаттың ерекше өкілеттігіне:

  • Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұсынуымен Республиканың Жоғарғы Сотының Төрағасын және Жоғарғы Сотының судьяларын сайлау мен қызметтен босату, олардың анттарын қабылдау;
  • Республика Президентiнiң Республика Ұлттық Банкiнiң Төрағасын, Бас прокурорын және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасын тағайындауына келiсiм беру;
  • Мәжiлiстiң өкiлеттiктерi мерзiмiнен бұрын тоқтатылуына байланысты, ол уақытша болмаған кезеңде Республика Парламентiнiң конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөнiндегi функцияларын орындау (Парламенттiң конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөнiндегi функцияларын Сенат екі рет орындады: бірінші рет – 2007 жылғы 21 маусым -11 шілде аралығында, екінші рет – 2011 жылғы 16 қараша – 2012 жылғы 19 қаңтар аралығында);
  • Конституциямен Парламент Сенатына жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру жатады.

Парламент Сенатының дербес өкілеттігі

Әр Палата дербес, басқа Палатаның қатысуынсыз:

  • Конституциялық Кеңестiң екi мүшесiн қызметке тағайындайды; Орталық сайлау комиссиясының екi мүшесiн, Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң үш мүшесiн бес жыл мерзiмге қызметке тағайындайды;
  • Палата депутаттарының өкiлеттiгiн тоқтатады,
  • өз құзыретiндегi мәселелер бойынша парламенттiк тыңдаулар өткiзедi;
  • Республика Үкiметi мүшелерiнiң өз қызметi мәселелерi жөнiндегi есептерiн тыңдайды;
  • Палаталардың үйлестiрушi және жұмыс органдарын құрады;
  • өз қызметiнiң регламентiн, Палатаның ұйымдастыру және iшкi тәртiбiне байланысты мәселелер бойынша өзге де шешiмдер қабылдайды.


Сенат Төрағасы

Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан жасырын дауыс беру арқылы Палата депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен сайланған Төраға басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады.

Сенаттың қазіргі төрағасы - Қасым-Жомарт Тоқаев

Сенат Төрағасы:

  • Сенат отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді;
  • Сенаттың қарауына енгізілетін мәселелердің әзірленуіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
  • Палатаға Палата Төрағасының орынбасарлары қызметіне сайлауға кандидатуралар ұсынады, сондай-ақ олардың арасындағы міндеттерді бөледі;
  • Сенат Регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
  • Сенаттың үйлестіру органының қызметіне басшылық етеді;
  • Сенат шығаратын актілерге қол қояды;
  • Палаталарға Конституциялық Кеңестің екі мүшесін, Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің үш мүшесін қызметке тағайындау үшін кандидатураларды ұсынады;
  • Сенаттың кезекті отырысы күн тәртібінің жобасын әзірлейді;
  • Мәжіліс мақұлдаған заң жобаларын қарау үшін Сенаттың комитеттеріне жібереді;
  • Сенат қабылдаған заңдарды қол қою үшін Қазақстан Республикасының Президентіне жібереді;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен, сондай-ақ шет мемлекеттердің парламенттерімен өзара қатынастарда Парламент Сенатынан өкіл болады;
  • Парламент Сенатының Конституциялық Кеңестегі өкілдерін айқындайды;
  • жеке мәселелер бойынша азаматтардың хаттарын, шағымдарын және басқа да өтініштерін қарауды Палата Аппаратына тапсырады;
  • мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ азаматтардың заң шығарушылық жұмыс мәселелері бойынша өтініштерін комитеттердің шешуіне береді;
  • өзіне Сенат Регламентімен жүктелген басқа да міндеттерді атқарады;
  • осы Регламентке және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес Сенат қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелерін шешеді.

Сенатта дауыс берген кезде депутаттардың даусы тең бөлінген жағдайда Сенат Төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады. Сенат Төрағасы өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады.

Парламент Сенаты депутатының мәртебесi

Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғары бiлiмi және кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар, тиiстi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемiнде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады. Парламент депутатының өкiлеттiгi оны Республиканың Орталық сайлау комиссиясы Парламент депутаты ретiнде тiркеген сәттен басталады. Парламенттiң бiрiншi сессиясында оның Палаталарының бiрлескен отырысында депутаттар Қазақстан халқына мынадай ант бередi: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсiздiгiн нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, өзiме жүктелген депутаттың мәртебелi мiндетiн абыроймен атқаруға ант етемiн». Антты Президент қабылдайды және ант беру Республика Үкiметi, Конституциялық Кеңесi мүшелерiнiң, Жоғарғы Соты судьяларының, экс-Президенттерiнiң қатысуымен салтанатты жағдайда өткiзiледi.


Парламент Сенаты депутатының өкілеттігі

Депутат Парламенттiң және өзi құрамына сайланған оның органдарының жұмысына қатысуға мiндеттi. Парламентте дауыс берудi депутаттың жеке өзi ғана жүзеге асырады. Депутат Парламент сессиясында және өзi құрамына кiретiн оның органдарының отырыстарында қаралатын барлық мәселелер бойынша шешушi дауыс құқығын пайдаланады. Сенат депутаты:

  • Парламенттің және Сенаттың жұмыс органдарын сайлауға және оларға сайлануға;
  • отырыстың күн тәртібі, талқыланатын мәселелердің қаралу реті мен мәні жөнінде ұсыныстар енгізіп, ескертпелер жасауға;
  • Парламент Сенаты сайлайтын, қызметінен босататын немесе тағайындайтын, не тағайындау үшін Парламент пен оның Сенаты келісім беретін лауазымды адамдардың кандидатуралары бойынша өз пікірін айтуға;
  • Парламент Палаталарының бірлескен отырысында және Парламент Сенатының отырысында қарауға ұсынылып отырған мәселелер бойынша Палата Бюросына ұсыныстар енгізуге, ал өз ұсыныстары қабылданбаған жағдайда оларды Сенаттың отырысының қарауына енгізуге;
  • Парламент және Парламент Сенаты органдарының отырыстарында қарау үшін мәселелер ұсынуға;
  • Парламент Палаталарына есеп беретін лауазымды адамдардың есебін немесе ақпаратын Парламент Палаталарының бірлескен отырысында тыңдау туралы ұсыныстар енгізуге;
  • заңда белгіленген тәртіппен депутаттық сауал салуға;
  • талқыланып отырған мәселе бойынша жарыссөзге қатысуға, баяндамашыларға, сондай-ақ отырыста төрағалық етушіге сұрақтар қоюға;
  • дауыс беру жағдаяттары бойынша өз ұсыныстарын негіздей отырып сөз сөйлеуге, анықтамалар беруге;
  • заңдардың, қаулылардың, Парламент қабылдайтын басқа да актілердің жобаларына түзетулер енгізуге;
  • Парламент депутаттарын азаматтардың қоғамдық маңызы бар өтініштерімен таныстыруға;
  • депутаттардың сөйлеген сөздерінің Парламент отырыстарының стенограммалары мен хаттамаларындағы мәтіндерімен танысуға;
  • мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан өз қызметіне қажетті материалдар мен құжаттарды сұратып алуға құқылы; мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар

Сенат депутаттарына сұратылған материалдар мен құжаттарды заңмен қорғалатын құпияны ескере отырып табыс етуге міндетті; • «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Парламент пен оның Палаталарының регламенттеріне сәйкес басқа да өкілеттікті жүзеге асыруға құқылы.


Сенат Бюросы

Сенат Бюросы:

  • Сенаттың комитеттері мен комиссияларының жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады;
  • Сенат үшін заң жобаларын және Сенаттың өзге де шешімдерін қараудың кезектілігі бойынша ұсыныстар әзірлейді;
  • Сенат депутаттарын халықаралық, мемлекетаралық парламенттік ұйымдарға және органдарға жіберу туралы ұсыныстарды Сенаттың қарауына енгізеді;
  • бірнеше комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша комитеттердің бірлескен жұмысын ұйымдастыруға көмек көрсетеді;
  • Сенаттың тұрақты комитеттерінің парламенттік тыңдаулар өткізуі туралы шешім қабылдайды;
  • Сенат Аппаратының құрылымы мен штат санын бекітеді, сондай-ақ өз құзыреті шегінде өзге де актілерді қабылдайды;
  • депутаттық топтарды тіркейді, бұл ретте тіркеу келу тәртібімен жүзеге асырылады және ақпараттық сипатта болады;
  • консультативтік-кеңесші органдарын құрады және осы органдар туралы ережелерді бекітеді;
  • «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен Сенаттың басқа органдары мен лауазымды адамдарының құзыретіне жатқызылмаған Сенат жұмысын ұйымдастырудың өзге де мәселелерін шешеді.

Сенат Бюросы өз құзыреті шегінде қаулылар қабылдайды, Парламенттің Сенаты олардың күшін жоюға құқылы.

Депутаттық сұрау салу мен сауалдар

Депутаттық сұрау салу Парламент Палаталарының бiрлескен және бөлек отырыстарында Сенат депутатының мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарына осы органның немесе лауазымды адамның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Парламент отырыстарында негiзделген түсiнiктеме беруiн немесе өз көзқарасын баяндауын ресми сұраған талабы болып табылады.

Сенат депутатының Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi мен Үкiмет мүшелерiне, Ұлттық Банкi Төрағасына, Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы мен мүшелерiне, Бас Прокурорына, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасына, Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң Төрағасы мен мүшелерiне сұрау салуға құқығы бар.

Сенаттағы депутаттық бірлестіктер

Сенат депутаттары, партияға тиесілілігі қағидаты бойынша топтарды қоспағанда, депутаттық топтар түріндегі депутаттық бірлестіктер құруға құқылы. Депутаттық топ - депутаттардың өз өкілеттігін жүзеге асыруға арналған бірлестігі. Депутаттық топтарды тіркеу Палата Бюросында жүзеге асырылады.

Депутаттық бірлестіктердің ішкі қызметін олар дербес ұйымдастырады. Сенаттағы депутаттық бірлестіктердің өкілеттігі, ұйымдастырылуы мен қызметі, олардың жұмысы Парламенттің Регламентімен және Сенат Регламентімен айқындалады. Сенатта «Өңір» депутаттық тобы тіркелген және қызмет етеді.

Топ қызметінің негізгі мәселесі өнірлердің даму мәселесі болып табылады. Сенат жанында жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстарды әзірлеу мақсатында консультативтік-кеңесші орган - Жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара байланыс жасау жөніндегі кеңес құрылған.

Парламенттік іс-шаралар

Сенаттың тұрақты комитеттері өздерінің құзыретіндегі мәселелер бойынша қызмет нысандары мен әдістерін еркін таңдап алады, мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара қарым-қатынас жасайды, қоғамдық пікірді зерделейді және ескеріп отырады, парламенттік тыңдаулар, үкіметтік сағаттар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, таныстырылымдар және басқа парламенттік іс-шаралар өткізеді.

Сенат комитеттері Парламентте талқыланып жатқан заң жобалары және басқа да өзекті мәселелер бойынша қоғамдық пікірді зерттеу мақсатымен өңірлерде көшпелі іс-шаралар өткізеді.

Депутаттар тоқсан сайын өз өңіріне немесе өзге өңірге іссапарға барады, онда халықтың әр түрлі санаттарымен кездеседі, өңірлердегі істің жағдайымен танысады, азаматтардың сұрақтарына жауап береді, Парламент қабылдаған заңдардың негізгі ережелерін түсіндіреді.

Сенаттың халықаралық және парламентаралық қызметі

Қазақстанның сыртқы саяси қызметінде парламенттік қызметтің үлесі, еліміздің бірыңғай сыртқы саяси бағытын айқындау мен іске асыруға депутаттардың қатысуы айтарлықтай өсті. Сенат депутаттары Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Парламентаралық Ассамблеясы, ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы, Парламентаралық Одақ, Еуропалық Парламент, Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы, НАТО Парламенттік Ассамблеясы, ТүркПА сияқты парламентаралық ұйымдардың жұмысына белсене қатысады.

Парламент Сенаты парламентаралық ұйымдардың қызметіне және парламентаралық диалогты дамытуға, Қазақстанның халықаралық қоғамдастыққа интеграциялануына, өзінің беделінің және ұлттық мүдделеріне сәйкес шешімдер қабылдау процесіне ықпал ету қабілетінің артуына қомақты үлес қосып отыр.

Парламент Сенаты мынадай парламентаралық ұйым дар дың жұмысына белсене қатыса ды

  • Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламенттік Ассамблеясы (ЕҚЫҰ ПА)
  • Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы (ЕКПА)
  • Парламентаралық Одақ (ПАО)
  • Солтүстік Атлант Альянсы Ұйымының Парламенттік Ассамблеясы(НАТО ПА)
  • Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы (ТМД ПАА)
  • Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастықтың Парламентаралық Ассамблеясы (ЕурАзЭҚ ПАА)
  • Ұжымдық қауіпсіздік Шарты ұйымының Парламенттік Ассамблеясы (ҰҚШҰ ПА)
  • Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Парламенттік Одағы (ИЫҰ ПО)
  • Парламентшілердің халықтың қоныстануы мен дамуы жөніндегі Азия Форумы (ПХҚДАФ)
  • Азия Парламенттік Ассамблеясы (АПА)
  • Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы (ТүркПА)
  • «Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ» парламенттік ынтымақтастық комитеті («ҚР- ЕО» ПЫК)

Парламент Сенатының Аппараты

Парламент қызметiн ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық және өзгедей қамтамасыз етудi Сенат пен Мәжiлiстiң бөлек аппараттары жүзеге асырады. Сенат пен Мәжiлiс аппараттарының құрылымы мен штат санын белгiлеудi, оларды құруды Парламент қызметiн қаржыландыруға бөлiнген бюджет қаражаты шегiнде палаталардың Бюролары жүзеге асырады.

Аппараттың қызметi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы нормативтiк құқықтық актiлерiне, сондай-ақ Палата Бюросы бекіткен Сенат Аппараты туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады. Сенат Аппаратының жұмысына Сенат Аппаратының Басшысы басшылық етеді, оны Сенат Төрағасы тағайындайды.

Сенат Регламентінің 179-тармағына сәйкес Сенат Аппаратының негізгі міндеттер

  • Сенаттың, оның органдары мен депутаттардың қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық және құжаттамалық жағынан қамтамасыз ету;
  • шешімдер мен келісу рәсімдерінің алқалы түрде жасалуын қамтамасыз ету;
  • құжат айналымының бірыңғай жүйесін қалыптастыру мен қамтамасыз ету;
  • ақпараттық және ұйымдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;
  • Сенаттың жұмысын қамтамасыз ететін Сенат Аппараты бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру болып табылады.


Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Қазақстан тақырыптарда