Қазақ құс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:11, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Қазақ Құс Шаруашылығы Ғылыми-Зерттеу Институты– құсты жемдеу, өсіру және күтіп-бағудың технология жаңа ғылыми-зертеу жұмыстарын үйлестіріп отыратын мекеме. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы мин-нің қарамағында. Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зертеу институты мен Сол түстік мал шылығы ғылыми-зертеу институтының құс шаруашылығы бөлімдері, сондай-ақ Қазақ егіншілік ғылыми-зертеу институтының «Қаскелең» тәжірибе шаруашығына қарасты құс фермасы негізінде 1966 ж. құрылған. Алматы облысының Қарасай ауданындағы Қазақ КСР-інің 50 жылдығы кентінде орналасқан. 1992 – 2002 ж. қазіргі атымен аталды, ал 2002 жылдан «Мал шаруашылығы және ветеринария» ғылыми-өндірістік орталығының құс шаруашылығы мәселелері бойынша бөлімшесі. Құрамында жемдеу және оның технологиясы, селекция және генетика секторлары, жемшөп сараптау өндірістік лабороториясы бар. Негізгі ғылыми бағыттары: ауылы шаруашылығы құстарының қолда бар линияларын жетілдіру және жаңа кросс шығару; республиканың көп салалы экономика жағдайында құс өнімдерін өндірудің энергияны үнемдейтін технологиясын әзірлеу; құс рационының жемшөп құрамына енгізілетін заттардың ғылыми негізделген нормаларын жасау және оның биология тиімділігін зерттеу; құс шаруашылығы үшін селекция-технология бағдарлама даярлау. Институтта құс жемдеу, оның тұқымдарын жақсарту және өсіру технологиясын жасау жөнінде ұсыныстар енгізіліп, құсқа берілетін құрама жем, витаминді-минералдық қоспалар рецептурасының экономика тиімділігі және жемдеу мөлшерін даярлау жұмыстары жүргізілді; лазер сәулесі мен үйектелген (поляризацияланған) қызыл жарықты пайдаланудың нәтижесінде құстардың жұмыртқалағыштығы мен балапандардың өміршеңдігі артатындығы анықталды. Институтта жұмыртқа өндіру бағытында өсірілетін тауықтың «Алатау», үйректің «Медеу», «Арман» кросстары шығарылып, Орта Азия республикаларының көптеген шаруашылықтарына таратылды. {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} <ref name="test">Қазақстан Энциклопедиясы</ref>

Сілтемелер

<references />


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазақ құс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}