Қазақ тілінің диалектілері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:03, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сурет:Siedlungsgebiet der Kasachen.png
Қазақ тілі таралған аймақтар.

Қазақ тілінің диалектілері (Үлгі:Unicode) — белгілі бір аймақтарда таралған қазақ тілінің түрлері. Тілтанушылардың арасында кең таралған пікір бойынша, қазақ тілі батыс, оңтүстік және солтүстік-шығыс деген үш диалектіден тұрады. Әдеби қазақ тілі Абай Құнанбайұлы мен Ыбырай Алтынсарин өз шығармаларын жазған солтүстік-шығыс диалектісінің негізінде қалыптасқан.

Зерттелу тарихы

Қазақ тілінің таң қалдырарлық біркелкілігінің кесірінен ұзақ уақыт бойы оның диалектілерге бөлінген-бөлінбегендігі даулы мәселе болып келді<ref>Үлгі:Кітап</ref>. Қазақ тілінде диалектілердің жоқтығы туралы В. В. Радлов, П. М. Мелиоранский, Н. И. Ильминский, А. М. Позднеев, С. Е. Малов және тағы да басқа зерттеушілер жазған болатын. Үлгі:Start citation Қырғыздардың (қазақтардың) тілі өзінің бастапқы, таза түркі сипатын сақтап қалған. Қырғыз сахарасының кең аумағында қырғыз-қайсақтардың тілі диалектілерге бөлінбейді: Еділ мен Ертісте бір ғана тіл. Қарақырғыздардың (қырғыздар) тілі қырғыз-қайсақтардың тіліне өте жақын, бірақ одан фонетикалық тұрғыдан айырмашылықтары бар. Үлгі:Oq Үлгі:End citation Қазақ тілтанушыларының тарабынан да қолдау тапқан қазақ тілінің диалектсіздігі туралы пікір 1937—1938 жылдары қазақ тілі диалектілерін анықтауға арналған алғашқы экспедициялар құрылғанға дейін басым болып келді. Ұзақ уақыт бойы бұл мағлұматтар өңделмеген қалпында қала берді. Тек 1946 жылы қазақ диалектологиясы туралы Жұмат Досқараев пен Сәрсен Аманжолов жазған алғашқы мақалалар пайда болды. Ұлы Отан соғысынан кейін Сәрсен Аманжоловтың «Қазақ диалектологиясы туралы» тақырабы бойынша докторлық диссертациясы жазылды, 1951 жылы шағын диалектологиялық жинақ жарыққа шықты, 1954 жылы Жұмат Досқараевтың «Қазақ тілінің облыстық лексикасының материалдары» деген жұмысы баспаға тапсырылды, 1953—1954 жылдары «Тілтану мәселелері» (Үлгі:Lang-ru) журналында Аманжолов пен Досқараевтың диалектілер туралы мақалалары шықтыҮлгі:Sfn.

1952 жылдың наурыз айында Николай Маррдың «яфеттік теориясының» күл-талқанын шығару науқанына байланысты Алматы қаласында тілтанушылардың пікірталасы ұйымдастырылдыҮлгі:Sfn. 1953 жылы КСРО ғылым Академиясының түркі тілдері секторының атынан «Тілтану мәселелері» журналының беттерінде Эрванд Севортян (1901—1978) Маррдың теориясын жақтаушы қазақ тілтанушыларын қатты сынға алды. Қазақ тілтанушыларының қате пікірлерінің арасында қазақ тілінде диалектілердің бар екенін жоққа шығару мен диалектілік құбылыстарды «бұрмалану» деп квалификациялау аталдыҮлгі:Sfn.

Қазақ тілінің «жергілікті өзгешеліктері» туралы тақырыпты алғаш қозғаған ғалым — Жүсіпбек Аймауытов (1889—1931)<ref>Үлгі:Мақала</ref><ref>Үлгі:Кітап</ref>. «Еңбекші қазақ» газетінде 1926 жылы шыққан «Тіл туралы» мақаласында Аймауытов «қазақтың әр елінде, әр гүбірнесінде өздері ғана қолданатын, өзге елдер білмейтін тілдер бар. Мұны ғылым тілінде жергілікті тіл (провинциализм) деп атайды», — деп жазған екен. Әрі қарай ол Бөкей Ордасы қазақтарының тілінде татардың, арабтың, парсының, орыстың әсері, Жетісу мен Сырдария қазақтарында өзбектің, Қостанай тұрғындарында орыс, ноғайдың, Семей, Ақмола қазақтарында да араб, орыс тілдерінің әсері бар екенін тұжырымдаған<ref name="анатілі">Үлгі:Мақала</ref>.

Диалектілердің пайда болуы

Қазақ тілінде диалектілердің пайда болу себебін Сәрсен Аманжолов осы өңірлерді бағзы заманда мекен еткен ру-тайпалармен байланыстырады. Алайда, академик Нығмет Сауранбаевтың айтуынша, диалектілерді жүздің не рудың тілінен пайда болған деу қате пікір, олар XV ғасырда қазақ тілі қалыптасқаннан кейін, халық өміріндегі қоғамдық-әлеуметтік, шаруашылық-мәдени өзгерістердің себебінен пайда болған құбылыс екен<ref name="анатілі" />.

Классификациялау

Сурет:Sugar 2xmacro.jpg
Батыс аймақтардың қазақтары қантты (Үлгі:Lang-fa) секер не шекер (Үлгі:Lang-fa) деп атайды.

Бір-бірінен азғантай ғана айырмашылықтары бар<ref name="гренобль">Үлгі:Кітап</ref><ref name="этн">Үлгі:Cite web</ref> қазақ тілі диалектілерінің арасында нақты шекара жоқ<ref>Үлгі:Кітап</ref> (немесе әлі күнге шейін анықталмаған<ref>Үлгі:Кітап</ref>). Зерттеушілер бұны осы тілде сөйлейтіндердің жоғары мобильділігімен түсіндіреді<ref name="энц">Үлгі:Кітап</ref><ref>Үлгі:Кітап</ref>. Тек әдеби тілдің емес, ауызекі халық тілінің тұтастығына шексіз қазақ даласының географиялық ерекшеліктері әсер еткен болуы мүмкінҮлгі:Sfn. Бірақ Сәрсен Аманжолов қазақтардың арасында еркін көшіп-қону дегеннің мүлдем болмағанын, басқа рулардың меншігіндегі жерлермен жүру қанды қақтығыстарға әкеп соқтыратындығын алға тартып, халықтың еркін қарым-қатынасына жағдай болмағанын тұжырымдағанҮлгі:Sfn.

Негізгі диалектілер

Қазақ тілінде негізгі үш диалекті бар (бұл пікірді қазақ диалектологиясының негізін қалаушылардың бірі Сәрсен Аманжолов ұстанған) — батыс, оңтүстік және солтүстік-шығыс диалектілеріҮлгі:Sfn<ref name="этн" /><ref>Үлгі:Кітап</ref><ref name="гренобль" />. Бұл диалектілер түрікмен тілі диалектілері сияқты ру-тайпалық құрылым бойынша емес, қарақалпақ және қырғыз тілдерінің диалектілері секілді аумақтық принцип бойынша анықталады<ref>Үлгі:Кітап</ref>. Кейбір зерттеушілер қазақ тіліне өте жақын саналатын қарақалпақ тілін қазақ тілінің бір диалекті ретінде қарастырадыҮлгі:SfnҮлгі:Sfn<ref name="ucla">Үлгі:Cite web</ref>Үлгі:Sfn<ref>Үлгі:Кітап</ref> (әсіресе оның солтүстік-шығыс диалектісін<ref>Үлгі:Кітап</ref>). Кейде қазақ тілі диалектілерінің қатарына өзбек тілінің қыпшақ диалектісі<ref>Үлгі:Кітап</ref> мен құрамалықтардың тілі де жатқызылады<ref>Үлгі:Кітап</ref>.

Жұмат Досқараев пен Нығмет Сауранбаев қазақ тілі оңтүстік-шығыс және солтүстік-батыс деп белгіленген екі диалектіден тұрады деп есептеген. Шора Сарыбаев Сәрсен Аманжоловтың пікірімен келісіп, бірақ солтүстік-шығыс диалектіні солтүстік және шығыс деп екі субдиалекті ретінде қарастырған. Қазіргі кезде қазақ тілінде батыс, оңтүстік, шығыс және орталық-солтүстік деген төрт диалекті бар деген пікір таралған<ref>Үлгі:Кітап</ref>.

Қытай және Моңғолия қазақтарының тілі

Үлгі:See also Қытай мен Моңғолия қазақтарының тіліне біршама ерекшеліктер тәнҮлгі:Sfn. Қытай қазақтарының тілі қытай тілінің (мандарин) аз ғана әсеріне ұшыраған<ref name="энц" />, сонымен қатар Қытай мен Қазақстанда тұратын қазақтардың көп уақыт бойы оқшау өмір сүруінің кесірінен кей терминдердің қолданылуында айырмашылықтар байқалады. Мысалға, Қазақстанда таралған дәрігер сөзінің орнына Қытай қазақтары шипагер сөзін қолданады<ref>Үлгі:Мақала</ref>. 1982 жылғы санаққа сәйкес, Қытайда 830 мың қазақ солтүстік-шығыс диалектісінде сөйлесе, 70 мыңы оңтүстік диалектіде сөйлеген екен<ref name="этн" />.

Қарақалпақстан қазақтарының тілі

Қазақтардың қарақалпақтармен бірге ұзақ уақыт бойы бірге тұруының себебінен олардың тілі жергілікті қазақтар тілінің лексикасы, фонетикасы мен грамматикасына әсер еткен. Өз кезегінде қазақ тілінің себебінен қарақалпақтардың тілінде дәл осындай өзгерістер орын алғанҮлгі:Sfn. Қарақалпақ әдеби тілінің сөздері қазақтардың тіліне еніп, қазақ тілінің байырғы сөздерімен бірге қолданылады. Кейбір әдеби қазақ тілінің сөздері бұл көршіліктің кесірінен қосымша мағыналарға ие болғанҮлгі:Sfn.

Қарақалпақстанның Қоңырат ауданында жүргізілген зерттеулерге сәйкес, қазақ тілін оқып-үйреніге жағдай жасалған қазақтар тілінің қазіргі заманғы нормативті қазақ тілінен еш айырмашылығы жоқ екен, ал ауылдарды мекен еткен қазақтардың тілі бөгде тілдердің әсеріне ұшыраған<ref name="куттымуратова">Үлгі:Мақала</ref>.

Қарақалпақстан қазақтарының
тіліне енген сөздерҮлгі:Sfn
Әдеби қазақ тілі
зәңгі, баспа, теппе баспалдақ, басқыш
қаридар, мүтаж, қардар мұқтаж
бардамлы, құрғын күйлі
шише шыны, бөтелке, шөлмек
ділмар шешен
пошақ:
1. қауын-қарбыз тұқымдары
2. қауын-қарбыз қабығы

1. шопақ
2. қабық

Әдеби қазақ тілі

Үлгі:Main Қазіргі заманғы қазақ әдеби тілі Абай Құнанбайұлы мен Ыбырай Алтынсарин шығармаларын жазған солтүстік-шығыс диалектісінің негізінде құралғанҮлгі:Sfn<ref name="энц" />Үлгі:Sfn. Басқа диалектілерде ч дыбысы сақталғанымен, әдеби тіл чш және шс дыбыстарының ауысуы орын алған диалектіге негізделген<ref>Үлгі:Кітап</ref>. Географиялық алшақтығына байланысты солтүстік-шығыс өңірінің тілінде басқа аймақтардың диалектілерімен салыстырғанда араб және парсы тілдерінің әсері азырақ байқалады<ref name="гренобль" />. Кейде басқа аймақтардың сөздері солтүстік-шығыс диалектісінде анықтамасы болмаған жаңа құбылыстарды атау үшін әдеби тілге енгізіледіҮлгі:Sfn.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Әдебиет