Қазақ орман шаруашылығы және агроорман мелиорациясы ғылыми-зерттеу институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:52, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Қазақ орман шаруашылығы және агроорман мелиорациясы ғылыми-зерттеу институты 1957 жылы 12 наурызда құрылған.
Негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары:

  1. ормантану, орман шаруашылығы, шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайларында орманды көп мақсатты және үнемді пайдалану, селекция, тұқым өсіру, жабайы ағаш және бұта түрлерінің сорттарын шығару, орман шаруашылығына интродуценттерді енгізу, желден қорғау мақсатында тоғай өсіру және көгалдандыру;
  2. жасанды тоғай өсіру мен бұрынғы тоғайларды (соның ішінде экол. апат аймақтарында) қалпына келтіру;
  3. орманды аурулар мен зиянкестерден сақтау, өрттен қорғау;
  4. орман шаруашылығы жұмыстарын механикаландыру;
  5. тағамдық және дәрілік өсімдіктердің жабайы флорасын зерттеу, Солтүстік Қазақстандағы кейбір түрлерін плантациялық әдіспен өсіру технологиясын зерттеу, т.б.

1957–2009 жылы институт ғалымдары орман қорғаудың 84 құжатын әзірледі және олардың 220-дан астам ұсыныстары мен нұсқаулары өндіріске енгізілді. Институттың Алматы, Алтай, Батыс Қазақстан бөлімшелері мен Бурабайдағы бас кәсіпорнында ағаш түрлерін көбейту, оны аудандастыру мақсатында, агрономиялық орман мелиорациясы, өскіндер құрамын қалыптастыруда нысаналы жұмыстар атқарылуда. Орман өндірісін селекциялық құнды тұқымдармен қамтамасыз ету мақсатымен өзге елдердегі өсімдіктер дүниесіне мониторинг жасалып, озат тәжірибе мен технология қолданылды. Осымен байланысты Ақмола облысындағы «Ұрымқай» орман шаруашылығында қарағайдың 17 климаттық түрі сынаққа алынды. 2005 жылы жоғары өнімділікті «Ұрымқай-38» және «Ұрымқай-53» тұқымдары өндіріске енгізілді. 2004 жылы Мемлкеттік комиссия «Сымбатты қарағай» және «Бұланды» тұқымдарын аудандастыруға қабылдап алды. Соңғы кездердегі зерттеулер нәтижесінде орман қоры ассортименті 47 түрге көбейді. Қазіргі уақытта барлығы 98 адам, соның ішінде 43 ғылыми қызметкер, 1 ғылыми доктор, 24 ғылыми кандидат жұмыс істейді. Институт ғалымдары 12 зерттеу жұмыстарын аяқтап, 21 ұсыныс енгізген. Институт жанындағы аспирантура мен докторантурада 2 ғылыми доктор мен 13 ғылыми кандидат даярланған. Соңғы жылдары (2004–2009) 300-ден аса ғылыми жұмыстар, оның ішінде 4 монография жарияланып, ғыл. қызметкерлерге 5 авторлық куәлік пен 2 патент берілді. 2009 жылы «Қазақстан Республикасының орман қорын пайдаланудың тиімділігін арттыру» атты төрт бағытты ғылыми жоба бойынша зерттеу жұмысы жүргізілуде.<ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref><ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}