Қ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:04, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Қазақ әліпбиі (кирил)

Қ, қ — кириллицаға негізделген әліпби әрпі.

Тілдің артқы шені таңдайдың артқы шеніне нық тиіп, содан кейін бірден ажырасуынан жасалатын дауыссыз дыбысты таңбалайтын әріп. Қ-ны айтқанда фонациялық ауа ауызқуысы арқылы үзіліп, шұғыл шығады. Қ - дауыс қатысы жағынан қатаң, айтылу жолы жағынан шұғыл, жасалу жағынан тіл асты дыбыс. Оның ұяң сыңары - "ғ".

Қ қазақ тілінде өте жиі қолданылып, сөздің барлық буынында кездеседі және тек жуан дауыстылармен тіркеседі. Мысалы, қайық, ақын, аққу. ботақан, құлыншақ, бардық<ref> Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 5 том</ref> <ref>Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ., Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика, А., 1962</ref>.

Әліпби Реттік № ІРА
Қазақ әліпбиі 15 q
Тәжік әліпбиі 15 q
Өзбек әліпбиі 33 q
Қарақалпақ әліпбиі 15 q
Абхаз әліпбиі 25

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Commons