Ғабидман Игенсартов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:30, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сурет:Ғабидман Игенсартов.jpg
Ғабидман Игенсартов

Қазақ халық ақыны Ғабидман Игенсартов 11 желтоқсан күні 1902 Қарағанды болысы Қарқаралы ауданында туған. 1925 жылдан КОКП мүшесі. Жас кезі байлардың есігінде жалшылықта өтті. Октябрь революциясынан кейін сауатын ашты.

1923 жылдан бастап қазақ ауылдарын советтендіру ісіне араласты. 1927 жылы Темірші болысы жалшылар комитетінің председателі болды. 1929 жылы ҚАССР ОАК-нің мүшесі болып сайланды. 1930-1960 жылдар аралығында Қарағанды облысының совет орындарында, тұтынушылар мекемелерінде, көмір шахталарында, "Советтік Қарағанды" газеті редакциясында қызмет істеді. Ғ.Игенсартовтың ақындық қызметі 1920 жылдан басталады. Алғашқы өлеңін–"Ақ қошқар жоқтауы" 1930 жылы шықты. Оның өлеңдері 1930 жылдан бастап Семей, Қарағанды облыстық, аудандық газеттерінде жиі жарияланды. Олардың көбі негізінен сықақ, мысқыл өлеңдер. 1934 жылы Игенсартовтың тұңғыш көлемді шығармасы "Ақ бидай" поэмасы, бұдан кейін "Лавадағы өмір" (1949), "Шахтер сөзі" (1949), "Шынар", "Арман" (1964), "Тың дала" (1968), "Айдау Әбен" (1970) дастандары, тағы басқа шығармалары жарық көрді.

Ғ.Игенсартов өзінің поэмаларында совет адамдарының жасампаз еңбегін, олардың бойындағы асыл қасиеттері және ерлік, достық махаббат тақырыптарын жырлады. Ғабидман Игенсартов Қазақ ССР Жоғарғы Советінің құрмет грамотасымен екі рет марапатталды. Ал 1962 жылдың желтоқсанында оған Халық ақыны деген құрметті атақ берілді. 1963 жылдан бастап оған республикалық дәрежедегі дербес пенсия тағайындалған болатын.

Дереккөздер

<references/>

1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА