Эмпреза Бразилейра ди Нотиснас

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:19, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Эмпреза Бразилейра ди Нотиснас (ЭБН) – Бразилия мемлекеттік ақпарат агенттігі. <ref>Тұрсын Қ., Нұсқабайұлы Ж. Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы. Оқу құралы. –Алматы, «Білім», 2001. – 380 бет. ISBN 9965-09-033-5</ref>

Оның штаб-пәтері Бразилиа қаласында орналасқан. 1979 жылы «Атенси Насионал» ақпарат агенттігінің негізінде құрылған. Газет, радио, теледидар және мемлекеттік мекемелерді халықаралық ақпараттармен және ішкі хабарлармен қамтамасыз етеді. ЮПИ және ДПА агенттіктерінің халықаралық ақпараттарын пайдаланады. Күнделікті және апталық бюллетеньдер шығарумен айналысады. Сондай-ақ «Ауторидадис бразилейрас» каталогын шығарады. Күнделікті ақпарат ауқымы – 150 материал. Агенттікте 700-ден астам қызметкер жұмыс жасайды.

Тұрсын Қ., Нұсқабайұлы Ж. Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы. Оқу құралы. –Алматы, «Білім», 2001. – 380 бет. ISBN 9965-09-033-5

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}