Электрфорез

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

13:12, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Электрфорез, электркинетикалық құбылыстар – сұйық ортадағы (көбінесе сулы) сыртқы электр өрісі әсерінен зарядталған бөлшектердің (мыс., мицелла, ақуыз макромолекулалары, т.б.) бағытталған қозғалысы. Э. бен электросмос құбылыстарын 1809 ж. Ф. Рейсс ашқан. Элекросмос – сұйық фазаның (көбіне электролит ерітіндісі) капиллярлы түтікше немесе кеуекті ортадағы қозғалысы. Э. күрделі ақуыз жүйесін құраушыларына аналитик. жолмен бөлу үшін, ал электросмос сүзуге келмейтін дисперстік фаза бөлшектерін бөлуге, торфтар мен бояуларды сусыздандыруға, майлы эмульсияларды бөлуге, т.б. қолданылады. Э-ді ауадағы қатты заттар мен сұйықтықтардың дисперсиясы болып табылатын түтін мен тұманды шөктіру кезінде де пайдаланады. {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}