Электрондық музыка

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:48, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сурет:Minimoog (Deutsches Museum).jpg
Минимог аналогтық синтезаторы.
Электрондық музыка (ағылшынша Electronic music) – электрондық музыка аспаптары көмегімен жасалатын кең мағынадағы музыка жанры. Бөлек жанр ретінде XX ғасырдың орта тұсында түзілген бұл саланың қазіргі кездегі түрлері ондап саналады.

Бұл музыка электрондық технологиялар мен электромеханикалық аспаптар қолдануының нәтижесінде түзіледі. Мұндай аспаптарға теллармониум, Хаммонд органы мен электрогитараны жатқызуға болады. Таза электрондық дыбыс терменвокс, синтезатор яки компьютер қолдану арқылы шығарылады.

Сурет:Minimoog panel.jpg
Аналогтық синтезатордың панелі.

XX ғасырдың 60-жылдарына қарай бағасы қолайлы электрондық синтезаторлар шығарыла бастаған кезден бастап, электрондық музыка кең өріс ала бастады. Өздерінің бағасының төмен болуына байланысты синтезаторлар тек ірі дыбыс жазу студияларына ғана емес, қарапайым жұртшылықтың да қолына түсті. Бұл бұқаралық (поп) музыка келбетінің өзгеріске ұшырауына әсерін тигізді – көптеген орындаушылар өз шығармашылығында синтезаторларды пайдалануды әдетке айналдырды. Бүгінде электрондық музыканың эксперименталдық академиялық музыкадан бастап, бұқаралық би музыкасы салаларын қамтитын түрлері бар. ]