Ысқақ Райымбергенов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:48, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

РАЙЫМБЕРГЕНОВ Ысқақ /1929,Қарабұтақ ауд. Қосағаш а.-1988, Ақтөбе қ./-күйші, сазгер , ұстаз,


Қол өнері шебері, өнер зерттеуші. Ақтөбе педагогика училищесінде 40 ж. жуық дәріс беріп, көптеген шәкірттер дайындады. Құрманғазы, Қазанғап, Мүсірәлі күйлерін шебер орындап, қалың елге таратумен бірге өзі де “Жастар биі” , «Балдырған», жалпы сан 10 күй, «Егіншілер жыры» атты ән шығарған. Ж.Айпақов, Ә.Өтеғұлов, Жырау, Жүсіп Сейілов сынды өнер саңлақтарымен бірге туған өлкеде өнерді көтеруге салысқан. Қазақтың ұлттық ою- өнертектерін жинап, дамытып, оған жас ұрпақты баулуға күш салған. Домбыра,қобыз сынды ұлт-аспаптарын акустикалық түрде зерттеп, өзі де көптеген аспаптар жасай білген. Өзі жасаған қобызы Алматы өнер зерттеуші шеберлерінің жоғарғы бағасын алған, қазіргі облыстық мұражайда сақталып тұр. Р. «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан мұғалімі», «Лениншілжас», облыстық «Коммунизм жолы » атты газеттерінде күй, айтыс өнері, қазақтың қолөнері мен саз аспаптары туралы ой толғап, көптеген мақалалар жазған. Өсімдікьердіңжәне жануарлардың қазақша атаулар жайлы қалдырған мұрасы өз кезегін күтіп жатқан үлкен жұмыс. «Қазақ КСР білім беру ісінің үздігі».<ref>А7-Ақтөбе:Энциклопедия-Ақтөбе. «Отандастар-Полиграфия»ЖШС, 2001.-748 бет.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер