Ырғыз уезі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:36, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Ырғыз Уезі– әкімшілік-аумақтық бөлініс. Қазақ даласын басқару үшін Ресей өкіметі шығарған уақытша Ережелерге сәйкес 1868 ж. Торғай облысының құрамында ұйымдастырылған. Солт-нде Қостанай, солт.-батысында Ақтөбе уездерімен, оңт-нде Сырдария облысымен (1867), Арал т-мен шектесті. Қазақ жерін пайдалану жөніндегі 19 ғ-дың соңындағы мәліметтерге қарағанда Ы. у-нің солт-ндегі халықтың 45%-ы, оңт-нде 1,5%-ы егін ш-мен айналысқан. Әкімш. жағынан Ы. у. 14 болысқа бөлінді. 19 ғ-дың бас кезінде уезд халқының жалпы саны 105446 адамды құрады. Олар негізінен Кіші жүздің шөмекей, төртқара, шекті, тілеу, қаракесек, т.б. рулардың өкілдері болды. Тұрғындарының басым бөлігі бастапқыда уездің оңт-ндегі Кіші Борсық, Үлкен Борсық, Қарақұм аймағын, Арал т-нің жағалауын мекендесе, кейіннен біртіндеп солт-ке жылжып, егіншілікпен кеңінен шұғылдана бастады. 1928 ж. кеңес өкіметі жүргізген жаңа әкімш.-аумақтық реформаларға байланысты Ы. у. жойылды <ref>Әдеб.: Материалы по киргизскому землепользованию.., Иргизский уезд, Оренбург, 1913. М. Сүгірбеков</ref>

Пайдаланылған cілтемелер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}