Ырық бітік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:01, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сурет:Or8212-161-12.jpg
«Ырық бітік» қолжазбасының 12-беті

Ырық бітік («Книга гаданий»,«The Book of Omens», Ïrq bitig) — шамамен IX ғ түрік бітікпен жазылған кітап. Ұйғыр қағандығы кезінде жазылған деп есептеледі. Өлшемі 13,75 х 8,75 см. Кітаптың басы мен аяғында қытайша Будда дініне арналған өлең жазылған. Қалған 58 бетте түркі бітік қағаз бетіне сиямен жазылған.

Табылуы

1907 ж А. Стейн Могао Үңгіріндегі мешіт қызметкерінен басқа қолжазбалармен бірге сатып алған. Қолжазба қазіргі Қытайдағы Ганьсу ауданының Дунхуан деген жерінен табылған. Қазір Британ музейінде (Лондон) сақтаулы. Коды: Or. 8212/161.

Ғылыми зерттеулері

Алғаш ғылыми зерттеуін В.Томсен жасады. 1951 ж. орыс түркологы С.Малов транскрипциясы мен орыс тіліне аудармасын жасады.

Әдебиеттер

Сілтемелер