Шыртылдақ (ұлттық тағам)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:48, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Шыртылдақ (ұлттық тағам) - Жылқының майын үлкен ыдысқа ерітіп, үстіне қант қосады. Ол қатпайды. Шай ішкенде оған нан батырып жесе тым сүйкімді. Оны сары майдың орнына да пайдаланады. Сүті жоқ шайға бір қасықтан салып ішсе шайды көп ішкізіп, шайнаманы көп жегізеді. Шыртылдақ - қазақтың атақты асының бірі. Қазақтар оны жел-құзды қуады деп есептейді. Шыртылдақ сары май құсап тез бұзылмайды. Нанмен қосып жеген шыртылдақ жүректі айнытпайды. Алайда оны көп жеуге болмайды. Артық жесе, ішке тоқтамайды.

Дереккөздер

Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9