Шомылу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:21, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сурет:Шомылу.jpg
Табиғи суда шомылу

Шомылу<ref>Шаңырақ (Бас редактор Р.Н.Нұрғалиев). Алматы -1991. ISBN 5-89800-035-6 (1-й з-д)</ref> - дем алу және шынығудың бір түрі. Шомылу, сондай-ақ емдеу-профилактикалық мақсат үшін де пайдаланылады. Табиғи суда (көл, өзен, теңіз), сондай-ақ жасанды су қоймаларында (ашық, жабық жүзу және емдеу бассейндерінде) шомылады.

Шомылудың пайдасы

Шомылу, әдетте, бұлшық еттің өте белсенді қозғалысын (жүзу, қозғалу және суда ойнау) тудырады, мұның өзі бүкіл ағзаға, ең алдымен, қозғалыс және жүріс-тұрыс мүшелері жүйесіне пайдалы. Ашық су қоймаларында шомылған кезде судың әсеріне ауаның, күн сәулесінің әсері қосылады. Тұзды суларға шомылғанда (теңізде, минералды көлдерде, тұзды көлдерде, минералды бассейндерде, соның ішінде теңіз суында) осында еріген тұздың химиялық әсері білінеді. Тұз теріні тітіркендіреді, бұның өзі судан шыққан соң да (тұздың ұсақ түйіршіктері теріге сіңіп) сақталып қалады.
Жалпы шомылу денсаулықты күшейтуге ықпал етеді, қан және лимфа айналымын, жүйке-бұлшық ет аппаратының жұмысын жақсартады, тынысты кеңейтіп, жылу алмасу механизмін жетілдіреді. Белгілі бір тәртіпті сақтаған жағдайда үнемі шомылу ағзаны шынықтырудың және суық тиюден болатын аурулардың алдын алудың тиімді жолы болып табылады.

Шомылудың қолайсыз әсері

Дұрыс шомылмау және шомылу тәртібін сақтамау денсаулыққа қолайсыз әсер етуі де ықтимал. Әлсіз, аурудан тұрған адамдар мен қарттар алдын-ала дәрігерлік тексеруден өтуі керек. Шомылардың алдында оларға алғашқы 3-5 күн бойы дайындық дауаларын (процедураларын) орындауға - белге дейін сумен сүртініп, денесін салқын суға үйретуге кеңес беріледі. Жүрек-қан тамыр және тыныс алу жүйелері ауырған жағдайда, сондай-ақ әйелдерге жүктілік кезеңінің екінші жартысында ашық су қоймаларында (көл, өзен, теңіз) шомылуға болмайды.

Шомылуға қолайлы температура

Табиғи су қоймаларында ауаның температурасы 22-20°С, судың температурасы 20-18°С-тан кем болмаған жағдайда ғана шомылады. Үнемі шомылуға жаттыққан адамдарға суық түскенге дейін шомылуға болады (олардың кейбіреулері - "морж" деп аталатындары қыста да шомылады).
Балалар үшін судың температурасы 22-24°С-тан төмен болмауы керек. Алғашқы күні баланы сүңгітуге болмайды. Бала шомылып болған соң, тоңбауы үшін оның денесін жақсылап құрғатып сүрту қажет.

Шомылу тәртібі мен ержелері

Шомылу уақыты, мезгілі және тәртібі:

  • арақ ішпеу;
  • тек арнайы бөлінген жерлерде ғана шомылу;
  • күніне бір рет таңертең ( таңғы астан бұрын, немесе одан 1-1,5 сағат кейін) немесе түскі астан 2-3 сағат кейін шомылу;
  • түс ауғаннан кейін, су мен ауа жақсы жылынған кезде шомылу (пайдалырақ);
  • денсаулығы мықты, шыныққан адамдар арасына 3-4 сағат уақыт салып, күніне 2-3 рет шомыла алады;
  • әлсіз адамдарға ашқарынға және астан соң бір сағат өтпей, сондай-ақ дене және ой еңбегінен кейін, күн ваннасынан соң бірден шомылмау;
  • шомылу алдында 15-20 минут дем алу;
  • жылыну және денені (егер адам терлеп тұрса) кептіру қажет, ол үшін бірнеше дене шынықтыру жаттығуларын жасау;
  • суға біртіндеп түсу (алдымен бетті, кеудені сулау);
  • суға бірден сүңгімеу (суға жаттыққан, үнемі шомылып жүрген адамдар ғана бірден сүңги алады);
  • шомылу ұзақтығы бастапқыда 5 минуттан аспауы тиіс, одан әрі оны 10-15 минутқа дейін жеткізуге болады;
  • ешқашан дене қалтырап, тітіркенгенше шомылмау қажет;
  • судан шығысымен бірден сүлгімен немесе сейсеппен сүртіну қажет, ауада кептірінуге немесе бірден күн ваннасын қабылдауға болмайды (денедегі су түйіршіктері күннің әсерінен теріні шамадан тыс күйдіріп жібереді).

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>