Шаңғы қоссайысы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:32, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Шаңғы қоссайысы, Скандинавия елдерінде пайда болған. Жарыс бағдарламасына ҰОМ-лік тұғырдан секіру және 15 км. қашықтыққа шаңғымен жарысу енді. Жеңімпаз осы екеуінің қосындысынан анықталады. 1956 жылға дейін қашықтық 18 км. болған. Халықаралық шаңғы бірлестігінде ш. қоссайысына арналған комитет бар. Ш. қоссайысынан Ә. Ч-ты 1925 жылдан бастап өтіп келеді. Қазақстанда 1955 жылдан бастап дами бастады. Атап айтқанда оның мектептері Алматы қ-сында және ШҚО-да бар. Ш.қоссайысынан жарыс 2 күн бойы өтеді. Бірінші күні спортшылар тұғырдан секіреді. Олар үш рет секіріп, соның екеуі есепке алынады. Екінші күні олар шаңғымен жарысады. Осы екі нәтиже арнайы кесте бойынша ұпайға айналады да, ең аз ұпай жинаған қоссайысшы жеңіске жетеді. Ш. қоссайысынан О.о-дардың бағдарламасына 1924 ж. (Шамони, Фр.) енген. Сол кезден бері ол қысқы ойындардың ең қызықты жарыстарының бірі болып келеді. Онда жеңіске жету үшін шаңғымен жақсы жүру және өте қашыққа секіру қажет. Осы екі жаттығудан да тамаша нәтижелер көрсеткен неміс қоссайысшысы Ульрих Веелинг үш рет қатарынан Олимпиялық ч-н атанды. Ш. қоссайысынан жасөспірімдер арасында да біріншіліктер өтеді. Бірақ респ-ның қ-шылары әзірге халықар. жарыстарда көзге түсе қойған жоқ. Бұған басты себеп респ-да заман талабына сай тұғырлардың салынбауы болса керек. Алматы мен Астана қалаларында қысқы Азия ойындарының өтуіне байланысты жақсы Ш. базасы салынды.

<ref> ISBN 9965-822-57-3 Жолымбетов Қ., 2009 Құлназаров А., 2009 "Сөздік-Словарь", 2009 </ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Шаңғы қоссайысы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}