Шағырай шешен

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:33, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Шағырай шешен

Шағырай Төбетұлы (1838-1921) Солтүстік Қазақстан облысы, Преснов ауданы, бұрынғы Қызылжар уйезі, Аққусақ болысы, Беркін аулында ғұмыр кешкен шешен би. Шағырай жас шағында, әке-шешеден айрылып, жетім қалыпты. Жастайынан тұрмыс талқысын көп көрген. Сөйте жүре өлең-жыр жаттап, ағайындас ақын - Байтөле Шөлінкеұлынан үлгі-өнеге алған. Жігіт шағында, байдың есігінде жалшы болып жүруді ар көріп, әкеден қалған малды сатып, жақсы киім, сәйгүлік атпен серілік кұрып ел аралап кеткен. Орынбор, Сібірдегі қазақ елін түгел аралаған. Шағырай сөзінен шындық көрінісі байқалып отырады. Ол қожа-молдалар, бай-манаптарды шенеп, уытты сатиралық туындылар да шығарған. Кезінде Шағырай шешеннің ізін басып, тәлім алған шәкірттері: Рай ақын, бұлқайыр жыршы, белгілі революционер ақын Баймағамбет Ізтөлиндер еді. Шағырай оқымаған адам. Сондықтан өз қолымен таңбалаған шығармасы жоқ. Революциядан бұрынғы сауатты адамдар жазып алғанмен қолжазбалары жоғалып, жыртылып қалған. Арабша жазылған дүниеліктер аяқ асты болған кезді де көрдік... Шешеннін шығармаларын аздап білетіндер Кұсайынов Бекі, Сауытбеков Лиман, Тиыштыбаев Едірес, Жүсіпов Жанай, Әлібеков Сағындық, Оразалин Баһрам молда, тағы басқалар болды. Ұсынып отырған өлең, жырдың көбі осы адамдардан жазып алынды. Бұлардан бұрын Қанапия Ізтөлиннен де жазып алған шығармалары баршылық еді". (С. Сауытбеков, "Жүлдыз" № 6, 1990). 1915 жылы Шағырай мен Баймағамбеттің айтысы өткен. Ізтөле балалары сол жолы Шағырайға ат мінгізген. Өкінішке орай, сол айтысты білетін бір адам жоқ. Әке-шешесінің айтуынша, айтыс тексті Баймағамбеттің өртенген өлең жинағында болыпты. Шешесі Кесте: - "Ол айтыстың менің ойымда калғаны":

Ақын әке, жүйріксің ағындаған.

Жан болмайды сөзіңді сағынбаған.

Қисықтарды түзеттің тезге салып.

Жуасыттың тарпаңды бағынбаған",-

деп бір шумағын айтады.

Шағырай шешен айтқан өсиет-терме, нақыл өлеңдер мынадай:

  • * *

Жуыма опасызға көңіл сенбес,

Зиянды, ол бір ағаш жеміс бермес,

Бар болса еркелейді ит секілді,

Жоқ болсаң өлдім десең қолын бермес.

Аяма қолда барды адамыңа,

Ол сенің жол ашады қадамыңа.

Адамның хайуанаттан айырмасы,

Бір іспен із қалдырар заманына.

Асығу ашулану шайтан ісі,

Бұларға жол бермейді жақсы кісі.

Кемге - рақым, ашуға сабыр керек,

Жұмсасаң жетіп шығар ердің күші.

Кіші деп күш жұмсасам кішкенеге,

Кіші жоқ дүниеде ештеңеде.

Шаңнан - жер, қиыршықтан тау тұрады,

Кірпішсіз үлкен орда істеле ме?

Ел қадірі болмайды бас кеткен сон,

Сөз қадірі болмайды жас жеткен соң.

Бәйбішенің қадірі болмайды екен,

Құйып берер қолынан ас кеткен соң.

  • * *

Өзін ғана ойлаған,

Жамандыктың белгісі.

Өзгені де ойлаған,

Адамдықтың белгісі.

Үлгілі сөз білмеген,

Надандықтың белгісі.

Бар жоғына қарамас,

Анық жомарт, ер кісі.

Өз үйінде салғыртсу,

Сараңдықтың белгісі.

  • * *

Маңдайда көз барында,

Ауызда сөз барында,

Отыз екі тіс барында,

Білекте күш барында,

Жүрегің соғып тұрған да,

Қаның толық тұрғанда,

Миың істеп тұрғанда.

Майданға түс деп тұрғанда.

Серпілмеген адамды,

Саңылаусыз наданды,

Болар ма екен жан деуге?

Отырмын жағын мал деуге.

  • * *

Әділетті би болса,

Жеті жұрттың қамын жер.

Зұлымдықпен би болса,

Құрығы мен малын жер.

Мұндай залым заманда,

Қотыр серке қой бастар,

Кетеген қу сөз бастар,

Алма мойын көк үйрек,

Көлден-көлге қоныстар.

Ұлы менен қызы сай.

Теңдесімен жарысар.

Аты менен тоны сай,

Туысына болысар.

Күші келген адамдар,

Әрбір елмен танысар.

Оған колы жетпеген,

От басында қабысар.

Күншілдікті көбейтіп,

Бір-біріне жабысар.

Күштің бәрі - малдыда.

Көшсе нуға жетеді.

Азаматы, шоты сай,

Қазса суға жетеді.

Шамасы жоқ сорлылар,

Амалы жоқ не етеді?

Жылау-сықтау қайғымен,

Өмірі өксіп өтеді.

Ұят та жоқ, ар да жоқ,

Әсіресе барда жоқ,

Бұзылып тұр заманым.

Земский "карашығын" деп

Түндікке салық салады.

Дөрменсіздің төлеуге,

Жалғыз малын алады.

Жер шұрайы байларда,

Малы шүйгін сайларда.

Тақыр шақат шөлейтті,

Көшпеліге бекітті.

Әділдік жоқ, әділ жоқ.

Зұлымдарға өмір жоқ.

Мейірім жоқ, шапқат жоқ

Түнеріп тұрған заманым,

Жоққа көмек жәрдем жоқ

Ал залымдық зәрден көп,

Болып тұрған шағың-ай!

Осыларды қайғы етіп,

Өтесің-ау, Шағырай!

Тауып бір керім амалын,

Талқандап тас қамалын,

Күл қылса кер заманын.

Түзелер ме заманым!..

Жұтар ма ек рәйіс самалын.

  • * *

Көрілік қуып ат қылды,

Жоқтық куып жат етті,

Қасірет куып тат етті,

Ағзаларым ақаулы,

Зақым етті матаулы,

Сау денемді дерт қылды.

Миға барды тоғысып,

Жан денеме жабысып,

Жанға тие соғысып,

Алып ұрып мерт қылды.

Қызыл тілді сайратып,

Тісті кұрғақ қайратып,

Көкірегімді өрт кылды.<ref>Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Шағырай шешен|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}