Шарль Лагранж

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:29, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Шарль Лагранж (1804 жыл 28 ақпан, Париж - 1857 жыл 22 желтоқсан, Лейден) - француз саяси қайраткері, ұсақ буржуазияшыл демократ.

Өмірі

1830 жылғы Шілде революциясына белсене қатысты. Жұмысшылар мен демократтардың 1834 жылғы сәуірдегі Лион көтерілісі басшыларының бірі. 1848 жылғы ақпан революциясы күндерінде қарулы күресті басқарды. 1848 жылы маусымда Құрылтай, 1849 жылы мамырда Заң шығару жиналыстарына депутат болып сайланды. 1851 жылы мемлекеттік төңкерістен кейін Франциядан қуылып, өмірінің ақырына дейін шетелдерде тұрды. <ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975ж., 7 том </ref>

Дереккөздер

<references/>