Шардара даласы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:03, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Дала Шардара даласыСырдария өзеннің сол жағасын бойлай Шардара бөгенінен Көксарай аулына дейін солтүстікке қарай бойлық бағытта 175 км-ге созылып жатқан өңір, ені 50 км-ге дейін. Шардара, Отырар аудандары, Арыс қалалық әкімдігі аумағы жерінде. Жер беті тегіс, биіктігі 200 м-дей; құмды, сазды аллювийлік шөгінділерден түзілген. Жер асты суы ащылау, 15 м тереңдікте кездеседі. Климаты тым континенттік. Қаңтарда орташа жылдық температура –4 C, шілдеде 29 C. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 мм. Топырағы солтүстігінде қоңыр, оңтүстігінде сұр, сортаңды. Эфемерлер, жусан, жыңғыл, жүзгін, баялыш, күйреуік, т.б. өседі. Суармалы жерлері мақта, күріш егуге өте қолайлы.

Үлгі:Бастама