Шайза Хабиболлақызы Ахметова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:06, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Шайза Хабиболлақызы Ахметова 1948 жылы 8 наурызда Семей облысы Жарма ауданы Георгиевка (қазіргі Қалбатау) ауылында туған. Қазақ. Әкесі-Мамақов Хабиболла Ахметұлы, қызметкер, КОКП мүшесі, Ұлы Отан соғысының ардагері, Құрмет, Қызыл жұлдыз, Отан соғысы, т.б. ордендердің иегері. Анасы -Тымақбаева Масфура Нұрғалиқызы, үй шаруасымен айналысады. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік өнер институтының актерлік факультетін бітірген (1970), актриса. 1970 жылдан бері - М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында актриса. Польша киностудиясы түсірген «Бірігу» (Дариға); «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Сәйгүліктің шабысы» (Ана), «Ай толғанда» (Айша), «Мергендер» (Ана), «Қан мен тер» (Бәйбіше), «Қосымша сұрақтар» (Райхан), «Сардар» (Дәмеш), «Адам факторы» (Маргарэт) кинофильмдерінде, «Тоғысқан тағдырлар» (Ситора) телесериалында рөлдер орындаған. «Ана - Жер-Ана» (Толғанай), «Қаракөз» (Қаракөз), «Қара қыпшақ - Қобыланды» (Қарлыға), «Өгей қыз» (Өгей қыз), «Бернардо Альбаның үйі» (Адела), «Желіккен жеңгейлер» (Алма), «Генуядағы Фиеско қастандық жасауы» (Джулия), «Шоқан Уалиханов» (Катерина), «Ричард III» (Леди Анна), «Асауға тұсау» (Катарина), «Мещан тойы» (Амелия), «Ақ кеме» (Ана Бұғы), «Досымныңтойы» (Насихат), «Күн батарда» (Паола), «Бөрік астындағы бөлтірік» (Марфуға), «Золушка» (Өгей шөше), «Қар ханымы» (Қар ханымы), «Кориолан» (Валумния), «Мольер» (Арманда де Бежар), «Қош, махаббат!» (Сәлима), «Ғасырдан да ұзақ күн» (Айзада), «Жүрейік, жүрек ауыртпай» (Елес), «Ескі үймен қоштасу» (Әйел), «Бөрібасар» (Болған) спектакльдерінде ойнаған. ҚР Халық әртісі. Діни көзқарасы - мұсылман. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өркендеген ел». Хоббиі - сөзжұмбақтар шешу, спортпен айналысу. Сүйіп оқитын әдебиеті - проза, классикалық әдеби шығармалар.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub