Цайен

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:57, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Цайен( 18.4.1906, Ресей, Владивосток қаласы - 20.5.1981, Алматы) - режиссер, драматург, Қазақстанның еңбегі сіңген өнер қайраткері (1947). Бүкіл-одақтық кинематография институтын 1932 жылы бітірген. Сол жылы "Арменкино" студиясында қызмет етті. 1933 - 1934 жылдары Цайен Владивосток қаласындағы қытай Жұмысшы жастар театрында режиссер болды. 1934 жылдан өмірінің соңына дейін Корей музыкалық драма театрында режиссер әрі бас режиссер міндетін атқарды. Мұнда ол корей, қазақ және шет ел драма-тургтерінің пьесаларын қойды. Олардың қатарында М.Әуезовтің "Еңлік - Кебек" (1962), Б.Жәкиевтің "Әке тағдыры" (1963), О.Бодықовтың "Қарақүм трагедиясы" (1970) секілді т.б. спектакльдері бар. Цайен корей әдебиеті туындыларынан бірқатар инсценировка жасаумен және пьесалар жазумен айналы-сып, оның кейбіреулерін өзі сахнаға шығарды. Оз шығармашылығымен корей театры мен драматургиясының қалыптасып дамуына зор үлес қосты. "Құрмет белгісі" орденімен және медальдармен марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}