Хилье

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:11, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сурет:Mosque.jpg
Мұсылман, намаз оқу барысында

Хилье — көркем жазушылар «Хилье» деп аталатын Пайғамбарымыздың (с.а.у) ауызша бейнесін және тұлғалық қасиеттерінің сипаттамасы – «шамаили» жаза бастады. Бұл жазбалар 2 түрлі болған: мұсылмандар Пайғамбарымызға (с.а.у) деген махаббаты мен сыйластығынан кеудесінде алып жүрген жұқа қағазға жазылған аз көлемді және үлкен қабырғаға ілінетін жұқа алтын жалатылған, өсімдікті оюланған қағаздар. Шамаили іс жүзінде әрбір мұсылманның үйінде болған. Оларды көру мен сүйіспеншілікпен Пайғамбарымызды (с.а.у) еске алу, Аллаhтың қалауымен берекетке ие болу мен аурулардан, өрт, кедейшілік, уайым-қайғыдан және мезеттік өлімнен аман қалуына себепші болады деп есептелінеді. Хильенің графикалық қайталанбас үлгісі көркем жазушы Хавыз Осман Ефендинің (17-ші ғасырдың екінші жартысы) қаламына тиесілі, ол өз сәтінде шамаили мәтінінің композициялық құрылуын қалыптастырды. Шамаили бетінде орналасатын элементтердің қысқаша мәліметі. Басы: «Бисмилляхи-ррахмани-ррахим» «Аса мейірімді ерекше рахымды Аллаhтың атымен» міндетті жазылуы. Ортасы: сопақ немесе төртбұрыш формада «хилье» мәтінінің жазылуы. Жарты ай: «хилье» мәтінінің астында бейнеленген. Күнді еске салатын ұнтақталған алтынмен әшекейленген. Жан жақта сопақтардың ішінде төрт халифаның есімдері жазылған. *Әбу Бәкр, *Омар, *Осман, *Әли. Кей кезде осы жерлерде Пайғамбар (с.а.у) есімдері (Ахмад, Махмуд, Хәмид), кей кезде – уақытында жәннәтпен сүйіншіленген 10 сахабаның есімдері жазылған. *Аят: Осы жерде Пайғамбар (с.а.у) жайлы аяттар жазылған. Көбінесе төмендегі аяттар: «», «», «». *Шәмәилидің астыңғы бөлігі: хилье мәтінінің жалғасы немесе дұға. *Екі жағынан «тезейін» - әшекейлер.


Хазіреті Әли (Оған Аллаh разы болсын) Пайғамбарымызды (с.а.у) былай бейнелеген

Хазіреті Әли (Оған Аллаh разы болсын) Пайғамбарымызды (с.а.у) былай бейнелеген: «Пайғамбарымыз (с.а.у) орта бойлы болған. Шашы бұйра да емес, тік те емес толқын тәріздес, орташа ұзындықты болған. Ол (с.а.у) дөңгелек жүзді, ақшырайлы, үлкен қара көзді және ұзын кірпікті болған. Оның (с.а.у) сүйегі ірі, иығы кең болған. Алақандары мен табандары жұмсақ болған. Төбеден түсіп келе жатқандай жүрісі жеңіл болған. Ол оң немесе сол жағына қарағанда бүкіл денесімен бұрылып қараған. Жауырындарының арасында Пайғамбарлық мөрімен белгіленген. Бұл оның (с.а.у) соңғы Пайғамбар екенінің дәлелі.»


«Біз сені әлемдерге мейірім ретінде жібердік» «Ол (с.а.у) адамдардың ішінде ең жомарт, шыншыл, мейірімді, бауырмашыл(ықылас) және сенімді болған. Кездейсоқ кездесіп қалған адамдар Оның (с.а.у) ұлылығынан қатты толғаныста болатын. Бірақ та, Оны (с.а.у) білетін және Оның (с.а.у) уағызын тыңдағандар Оны (с.а.у) шын жүрегімен сүйетін. Пайғамбар (с.а.у) жайлы айтқандар былай деген: «Біз Аллаh Пайғамбарына (с.а.у) ұқсайтын адамды ешқашан кездестірген емеспіз», деген сөздермен Пайғамбарымыздың (с.а.у) қайталанбас құндылықтарын өздерінің әлсіздігін мойындаған . Оған (с.а.у) Аллаhтың рақымы мен сәлемі болсын!» Ислам санасы адамдарды құдайға теңестіруден алшақ. Сондықтан да Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у) кескіні жоқ. Пайғамбарымыздың (с.а.у) өмірден өту қарсаңында оның қызы Фәтима, радиаллаху әнхә, былай деді: *Уа Расулюллаh! Мен жақында Сіздің бейнеңізді көрмеймін. Оның көздерінен еріксіз жас шықты. Оған Пайғамбар (с.а.у) Әлиді шақырып, айтты: *Уа Әли, менің бейнемді суреттеп бер, мен жайлы жазылғанды оқыған, мені көргенмен тең. Сол кезден бері Пайғамбарды (с.а.у) өз көзімен көргендердің сөздерінен Оның (с.а.у) ауызша бейнесі сақталған. Пайғамбарымыздың (с.а.у) тұлғасы мен келбетінің толық бейнеленуі Имам Тирмизидің «Аш-шамаилин Небевийе...» және Каады Абуль-Ийаздың «Китабу-ш-Шифа фи тарифи хукукуль Мустафа» кітаптарында жинақталған.<ref>«Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.—59 ISBN 978-601-282-026-3 </ref>


Дереккөздер

<references/>