Хажы-мұхаммед

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:24, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

ХАЖЫ-МҰХАММЕД (т. ж. б. — 1430) — Сібір хандығының алғашқы билеушісі (14201430). Жошы хан әулетінің өкілі. Жошы ұлысының оң қанатын басқарып, Ақ Орда билеушілеріне қарсы күрес жүргізді. Едігенің ұлы Мансұрдың қолдауымен Сібірдегі Чимга-Тимур (Шимға Тұра) деген қ-да өзін хан деп жариялады. Жошы ұлысын біріктіруді көздеген Орыс ханның немересі Барақ хан 1421 ж. ХАЖЫ-МҰХАММЕД әскерлерін талқандап, оны тәуелділікке түсірді. 1428 ж. Барақ хан ноғай билеушілерімен соғыста қазаға ұшырады. Соның нәтижесінде ХАЖЫ-МҰХАММЕД Тура мен Тобыл өзендерінің аралығында өз иелігін құрды. Бұл иелік Түмен (Сібір) хандығы деп аталды. ХАЖЫ-МҰХАММЕД көп ұзамай Әбілхайыр ханмен күресте қаза тапты.

Сілтемелер:

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}