Франсиско Солано Лопес

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:29, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сурет:Parag.771.Solano Lopez.jpeg
Пошта маркасында бейнеленген Франсиско Солано Лопес

Франсиско Солано Лопес (1826 жыл 24 шілде, Асунсьон - 1870 жыл 1 наурыз, Серро-Кора) - Парагвайдың мемлекет қайраткері, дипломат.

Қызметі

1853-1854 жылдары Еуропадағы тұңғыш парагвай елшілігін басқарды. Қорғаныс министрі (1855), президенттік қызметтерде (1862-1870) жүріп, ұлттық экономика мен мәдениеттің дамуына, сондай-ақ, елдің қорғаныс қабілетін арттыруға айтарлықтай үлес қосты.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 7 том </ref>

Дереккөздер

<references/>