Форт-Шевченко

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:04, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Форт-Шевченко – қала. Түпқараған ауданының әкімшілік орталығы. Каспий теңізінің шығыс жағасында, облыс орталығы Ақтау қаласынан солтүстік-батысқа қарай 130 км жерде орналасқан. Тұрғындар саны (2007жылы 4,5 мың) адамға жетті.

Тарихы

Орта ғасырларда бұл жерде теңіз айлағы – Кетікқала қалашығы орналасқан. Бекініс аумағында жүргізілген археол. қазбалар нәтижесі бойынша Кетікқала қалашығы 1015 ғ-ларда Еуропа мен Орталық Азияның экономикалық орталықтарымен сауда байланыстары болғанын айғақтайды. Каспий теңізінің шығыс жағалауын игеру мақсатында 1716 ж. Ресей патшасы Петр І-нің әмірімен А.Бекович-Черкасский басқарған экспедиция осы жерде алғашқы «Әулие Петр» орыс қамалының іргетасын қалады. 1846 ж. штабс-капитан М.И. Иваниннің басшылығымен Ново-Петровск бекінісі бой көтерді. 1857 жылдан бекініс маңында пайда болған қала Форт-Александровск, кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында Форт-Урицкий, 1939 жылдан қазіргі атымен аталады. Қаланың шетінде Қорғантас тауында қираған бекіністің қалдықтары сақталған. 1882 ж. Форт-Александровск Маңғыстау уезінің орталығы болып, 1896 ж. оған қала атағы берілді. 185057 ж. мұнда украинның ұлы ақыны Т.Г. Шевченко айдауда болды. 1932 ж. Шевченконың мемориалдық мұражайы ашылды. 1928 ж.

Форт-Шевченкоға қала мәртебесі берілді. 193863 ж. Шевченко ауданының орталығы, 2001 – 92 ж. облысы бағыныстағы қала болып келді. 1992 жылдан жаңадан құрылған Түпқараған ауданының орт., ауданы бағыныстағы қала.

Экономикасы

Каспий теңізі қайраңынан табылған мұнайды игеруге байланысты Форт-Шевченко соңғы 5 жыл ішінде қауырт дами бастады. Шет ел мұнай-газ компаниялары базасы осы қалада орналасқан. 2006 ж. қаланың 160 жылдық мерейтойы өтті. Қалада ӨК, комбинат, автокөлік кәсіпорны, т.б. мекемелер бар.

Социалдық жағдайы

Баспахана, ауданға байланыс бөлімі, 2 мектеп, 4 балабақша, мәдениет үйі, 2 кітапхана, 3 мұражай, қонақ үй, автоматты телефон станция, аудандық аурухана мен емхана, дәріхана, санэпидемиологиялық станция жұмыс істейді. Облыс орталығымен және аудандағы елді мекендермен автомобиль жолы арқылы байланысады.

Форт-Шевченко қаласында 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басындағы азаматтық сәулет ескерткіштері орналасқан. Қалада Маңғыстау өлкесі тарихында елеулі із қалдырған белгілі тас өңдеу шебері Ідіріс Серікбаев, бай кәсіпкер, меценат З.Дубский, түрікмен ақыны Хатам-шайыр, жырау Мұрын Сеңгірбайұлы, т.б. тұрған. Қаладағы тарихи ғимараттар: Ново-Петровск бекінісінің қалдықтары (1846), Шевченко мемориалдық мұражайы (184757), Төменгі (1851) және Жоғарғы (1862) Түпқараған шамшырақтары, халық үйі (188082), Қорғантас түбіндегі ғибадатхана (1891), қалалық байланыс торабының ғимараттары (1912), Қ.Серікбаевтың тұрған үйі (1929), М.Сеңгірбайұлының тұрған үйі (20 ғ-дың ортасы, қазіргі Мұрын жырау мемориалдық мұражайы), т.б.; бұлардың барлығы да мемл. қорғауға алынған.<ref>«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002; </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Қазақстан қалаларыҮлгі:Kz-geo-stub