Флогистон

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

13:01, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

ФЛОГИСТОН (грекше phlogіstos — жанғыш) — 17 — 18 ғасырлар химиктерінің түсінігінше барлық заттың құрамында болатын жанғыш немесе жаққанда қаққа және әкке айналатын затты 1669 ж. неміс химигі И.Бехер басқа да құрам бөліктерімен қатар әр заттың құрамында Флогистон болады деген пікір айтқан. 1697 ж. неміс химигі Г.Э. Шталь Флигстонның оңай тұтанатын заттарда (май, көмір, күкірт, т.б.) көп болады, ал металл өртелгенде Флигстон жоғалып қақ, топыраққа айналады деген тұжырым жасады. Шталь және оның серіктері металл қағы жай зат, ал металл күрделі зат деп түсінген. Флигстон теориясы қате түсінік болғанымен химия тарихында маңызды рөл атқарды. Ол тәжірибе қорытындыларын бір жүйеге келтірді және химияның алхимия түсініктерден тазаруына себепші болды. Флигстон теориясын А.Лавуазье еңбектері жоққа шығарды.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}